» » Қорқордың (кальян) зияны

Қорқордың (кальян) зияны

* Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қорқордан (кальяннан) келген зиян темекіден кем емес.
* Дәстүр бойынша қорқорды (кальянды) шегу - топтық процесс болғандықтан, бірнеше қорқор (кальян) шегетіндерге арналған кальяның мундштугін жаппай пайдалану ауыр инфекциялық ауруларға: гепатит, герпес, туберкулез және т.б. шалдығу қаупін арттырады. Демалыстың осы түрі әсіресе жастар арасында жоғары сұранысқа ие, бұл адамның өзін және жас ұрпақты жоюдың заманауи атрибуты.
* Бүгінгі күні қорқор (кальян) аппаратын өңдеу (жуу, дезинфекциялау) сапалы түрде жүргізілмейді, сондықтан жұқпалы аурулармен ауыру қаупі айтарлықтай артады.
* Қорқор (кальян) шегу - өте ұзақ процесс - 30-40 минут. Бір сағаттық сеанстағы қорқор (кальян) шегу 100-ден астам темекі түтінін жұтумен бара-бар келеді. Осыған байланысты тәуелділік қаупі біршама артады.
* Толық емес жану немесе баяу жүретін кез-келген процесстер адамға зиянды заттармен қаныққан түтінді: көміртегі тотығы, бензпирен, формальдегид, ауыр металл тұздары және қатерлі ісік тудыратын химиялық қосылыстар шығаруға әкеледі. Қорқордың (кальянның) түтіні де осындай.
* Қорқорды шегуден тарайтын зиянды заттар жүрек-тамыр, жүйке, бронх-өкпе, зәр шығару жүйесі мен адамның асқазан-ішек жолдарына әсер етіп, көптеген аурулар жиынтығын туғызады.
* Түтінді бөлмеде ауызға түтік салып отырудан және түтін мен көміртек тотығына қаныққан ауаны сорғаннан әлдеқайда қызықты әрі пайдалы заттар бар.
Есіңізде болсын, Сіздің денсаулығыңыз - Өз қолыңызда!

А.Әбжаппарова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшы орынбасары
20 ақпан 2025 ж. 346 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 971
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 603

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930