» » ЛУДОМАНИЯНЫҢ ҚАСІРЕТІ КӨП

ЛУДОМАНИЯНЫҢ ҚАСІРЕТІ КӨП

Асыл дінімізде түгел тақырыптарға жауап бар. Қоғамның тұтастығы, отбасы татулығы, және ең бастысы адам жанының тыныштығы бірінші орынға қойылған. Дей тұра, пенде кейде өзін екі дүниеде зиянға ұшырататын жолды таңдап, бақытсыздыққа апаратын әрекетке барып жатады. Сондай үлкен рухани кеселдің бірі – лудомания. Яғни патологиялық ойынға деген құмарлық.
Құдай қасиетті Құранда құмар ойынға тыйым салып: «Уа, иман келтіргендер, арақ-шарап, құмар, табынуға арналған пұттар және жебелермен бал ашу шайтанның амалы саналатын лас істер. Ендеше одан аулақ болыңдар. Мүмкін, құтыларсыңдар», – деп айтқан.
Лудомандар – құмар ойынның шырмауына түскен адамдар. Казино мен букмекерлік компаниялар жұмысы барынша қарқынды дамыған кезден бері «лудомания» деген термин кеңінен қолданыла бастады. Аурулардың халықаралық классификациясы бойынша лудомания аурулар тізіміне енгізілген. Құмар ойынның соңына түскендер дүние-мүлкінен айырылғаны өз алдына, ажырасып, дымсыз қалып жатады. Мұндай жағдай Қазақстан қоғамына да таңсық емес. Ойынқұмарлардың көбеюі салдарынан елімізде лудомандарды емдейтін арнайы орталықтар да ашылған. Олардың негізгі пациенттері – букмекерлік кеңсе ойыншылары.
Құмар ойын арқылы ұтыс ұтқан адам екінші бір кісінің ақысын жеген болып саналады. Ал адамның ақысын жеуді дініміз үлкен күнәлардың қатарына жатқызады. Ақыретте ақысы кеткен адам кешпейінше, Құдай да ол адамның күнәсін кешірмейді. Қасиетті Құранда: «Олар сенен шарап пен құмар ойындарының үкімін сұрайды. Оларға: «Екеуінде де үлкен күнә бар», – деп айтқан. Сондай-ақ «Мұсылманға екінші бір мұсылманның мал-мүлкіне, қаны мен ар-намысына қол тигізуі – харам» деп ескерткен.
Жоғарыда келтірген аят және хадистер негізінде біз құмар ойынының күнә екенін аңғара аламыз. Лудоманияның ең сорақысы, адам ол қылмысы үшін бұл дүние мен қоса ақырғы дүниеде де қиналатыны баяндалуда. Құмар ойыны арам етілген іс болғандықтан, ол арқылы келген қаражат та харам болып саналады.
Құмардың тағы да бір үлкен зияны адамның алтындай уақытын, жастық шағын алады. «Уақыт өлтіремін» дегенді сылтау етіп, құмар ойын сияқты басқа да тыйым етілген істермен уақытын өткізу – өмірдің басты мақсатын түсінбеген адамның ісі. Ізгілер «Уақытыңның босқа өткені – өміріңнің бос кеткені» деген. Ардақты Пайғамбарымыз: «Көп адам қадір-қасиетін біле бермейтін екі үлкен нығмет бар, олар – денсаулық және бос уақыт» деген.
Сайып келгенде, лудомания – бізге бақыт әкелер дүние емес. Керісінше, ұрыс-жанжал мен дұшпандық әкелер зор дерт. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген елдің ұрпағымыз. Сол ұранды жастардың бойына сіңіріп, түрлі жамандықтан сақтап, үгіт-насихат жасау – біз бен сізге міндет.
Нұрболат РАХМЕТУЛЛАЕВ,
аудандық «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы
09 ақпан 2025 ж. 229 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 481
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31