» » МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ


Бүгін "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында тақырыптық қабылдау ұйымдастырылды. Тұрғындар тұрғын үй, денсаулық, әлеуметтік және құқықтық мәселелерді көтерді.

Мәселен, қала тұрғыны жұбайы екеуінің ІІ топ мүгедектігі бар екенін және әлі күнге дейін баспана кезегіне тұра алмай жүргенін айтып, көмек сұрады. Қабылдауға қатысқан партия филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов заң аясында баспана кезегіне тұру жолдарын түсіндіріп, қосымша қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

Ал ІІІ топ мүгедектігі бар, Төретам кентінің тұрғыны тез арада медициналық тексеруден өткізуіне өтініш білдірді.
Қабылдау барысында кент тұрғынының өтініші шешіліп, медициналық тексерудің нақты күні белгіленді. Мәселе көпбейінді ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ержан Игенбаевтың бақылауына алынды.

Келесі кезекте қабылдауға кірген ІІІ топ мүгедектігі бар, қала тұрғыны мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу жолдарын сұрады. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Байқоңыр қаласы бойынша сектор меңгерушісі Берік Бакиев АӘК алудың екі түрі бар екенін атап өтіп, заң аясында кеңес беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, қабылдауда жазылған тұрғындар тарапынан алимент өндіру мен коммуналдық төлемдер бойынша да сұрақтар қойылды.

Барлық өтініш білдірушілердің сұрақтарына жауаптар беріліп, заң шеңберінде тиісті түсіндірмелер жүргізілді.
04 ақпан 2025 ж. 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 097
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 751

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031