АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ
Жеке адамның өмірбаяны болатыны секілді әрбір ауыл мен қаланың өз тарихы болады. Жас баланың ер жетіп, ат жалынын тартып азамат болғанындай, әрбір елді мекеннің еске алып жүретіндей өнегесі болады.
Мен туып өсіп келе жатқан ауылыммен мақтанамын. Бұл ауылдан көптеген дана, дара адамдар шыққан. Сол кісілердің бірі – білікті маман журналист Гүлназ Елемесова қазіргі таңда бас қаламыз Астанада жұмыс жасауда. Кішкентай ауылымды қанша мақтасам да жалықпас едім. Күннен-күнге көркею үстінде. Ауызбіршілігі мен ынтымақтастығына сөз жоқ, мұндай дәрежеге жетуі ауыл тұрғындары мен ауылымыздың бірлігін нығайтып отырған Орынбасар Төлепов ағай. Бұл кісінің ауылға сіңірген еңбегі көп. Қазіргі таңда өзінің іскерлік қабілетімен білікті басшы болып отырған Орынбасар ағамыздың өміріне шолу жасасам. Ағамыз 1962 жылы Дүр Оңғар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1969- 1979 жылдары Энгельс колхозында (қазіргі Дүр Оңғар ауылы) механизатор болып бастады. Мектепте пән мұғалімі, шаруашылықта механизатор, инженер-электрик, бас электрик болып қызмет атқарған. 2016 жылдан бастап «Жаңажол» ЖШС директоры болып жұмыс істеп келеді. Осындай білімді де, білікті азаматтың ауылымызды басқарғаны халықты қуантады.
1930 жылдың күзінде бірнеше майда серіктес «Жаңажол» ұжымдық шаруашылығына ірілендіріліп, біріктірілді. Сол кезден бері халық мамыражай тірлік кешуде. Қазіргі таңда ауыл өсіп-өркеуде. Орталық алаң, жастар саябағы, спорт алаңдары және жаңадан салынып жатқан дене шынықтыру кешені бой көтеріп жатыр. Бұл ауыл мәдениетінің дамуына ықпалын тигізері сөзсіз. Осы мақаламды жүрегімнен шыққан өлең жолдарымен қорытындылағым келеді.
Дұрыс қой ел тарихын танығаның,
Жұмыс емес бұл өзі жалығатын.
Туған жерім Мысырдың шаһарындай,
Алыс кетсем өзіңді сағынамын.
Бұл жерге ата-бабам терін төккен,
Балалығым осында менің де өткен.
Қариялар азайып бара жатыр,
Байқаймын, көз көргендер көбі кеткен.
Бұл жерде бабалардың ізі жатыр,
Анам жаққан жер ошағы, күлі жатыр.
Шежіреге бай елім тұнып тұрған,
Күн сайын тың жаңалық шығып жатыр.
Келбетін көріп жүрміз өркендеген,
Кестелеп жеткізейін көркем тілмен,
Ғасырлық тарихы бар таусылмайтын,
Дүр Оңғар алтын бесік, туған өлкем.
Динара ЖҰМАДІЛДАЕВА,
№107 мектептің оқушысы