МАМАНДЫҚТЫҢ МӘНІН ҰҚТЫРҒАН МОТИВАЦИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ
Ақын Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деп жырлағандай, жастар – қоғамның қозғаушы күші. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Әйтсе де бүгінде жастарға үлкендер тарапынан шағымдар жиі айтылып жатады. Көңіл толмаушылық та көп. Бірақ олардың арасында қоғам өміріне белсенділік танытып, өз бағытын тауып, үлгі көрсетіп жүргендер де жетерлік. Солардың бірі – Нұрасыл Бекматов. Ол бүгінде «Dauletten қайырымдылық қоры» ЖҚ жоба менеджері, «Dauletten.kz» танымдықақпараттық порталының корреспонденті болып еңбек етуде.
Сейсенбі күні №121 мектепте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде отаншылдық және патриотизм бағыты, құқықбұзушылық пен нашақорлықтын алдын алуға бағытталған ісшара аясында аудандық прокуратурасы және аудандық білім бөлімімен бірлесе мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Сержан Жолдасбаев, Талғат Бұқпанов және әлеуметтік ұйымдастырушы Серікжан Әбдуалиев пен мектеп түлектерінің қатысуымен кездесу өтті.
Алғашқы сөзді алған Нұрасыл Жасұланұлы өзінің жүріп өткен жолы мен тәжірибесіне толығырақ тоқталды. Бірінші кезекте «Мен таңдаған мамандық жолы қалай басталды?» тақырыбында слайд көрсетіп, мамандық таңдауға әсер ететін факторлар турасында сөз қозғады. Сонымен қатар мектептің 11сынып оқушыларына отансүйгіштік бағытта және туған елге қызмет ету әрбір жастың азаматтық парызы екенін презентация арқылы баяндады. Мұнан соң еріктілікке қалай келгені туралы айтып берді.
– 14 жасымнан бастап волонтерлікпен айналыса бастадым. Сабақтан соң досыммен бірге үйге қайтпақ болғанбыз. Бір апаның ауыр дорбасымен тұрғанын байқадық. Момышұлы көшесінде тұрады екен. Сонда үйіне дейін жеткізіп тастадық. Бізге ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Бұл іс менің осы ерікті болуыма өзіндік әсерін берді. Соның нәтижесінде оқуымды тәмамдаған соң тұрақты жұмысқа орналастым. Астанада жүрген кезде де осы жолды жалғадым. Біз мұнда көптеген адамдармен байланыс орнаттық, достар таптық. Осылайша жақсы ортаның ішінде жүрміз, – дейді ол.
Нұрасыл Жасұланұлының 2023 жылы жарық көрген «Бақытсыз Жан» деп аталатын романы жарыққа шықты. Роман 100 парақты, 16 мың сөзді қамтиды. Бұдан бөлек тағы «Жастар жылында жеткен жетістіктерім», «Қадірқұл ишан Оразмағанбетұлы» кітаптарының авторы болған ол жиынға қатысушы түлектерге өз өміріне жауапкершілік алу, үнемі ізденісте болу, өлеөлгенше білім алуды көздеуге үндеді. Сондайақ бірге оқыған сыныптас досының сын айтқаны да оны өшіруге емес, өсіруге жасалған қадам екенін баса айтты.
– Мақтан қуып, ақыл айтуға келіп тұрған жоқпын. Басты мақсатым – сіздердегі ойды ояту, – деп сөзін аяқтады ол.
Мұнан соң сөз алған аудан прокурорының көмекшісі Әділет Сағымбекұлы жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен лудомания және нашақорлықтың алдын алу жайында баяндады. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Каналбекқызы жігерлі жастан үлгі алу қажетін, мұндай мотивациялық кездесуді ауданның барлық жоғары сынып оқушылары тыңдауы керек деген ұсынысын білдірді. Сонымен қатар «Біртұтас тәрбие» бағыттары мен жұмыс барысына тоқталды. Ал аудандық атааналар комитетінің төрағасы Мағауия Әлиев қазіргі қоғамдағы атааналар рөлі мен жауапкершілігін артыруға шақырды. Нұрасылдың сынып жетекшісі Қаракөз Қасымханқызы оның бала кезден зерек, білімге, кітап оқуға құштар екенін айтты.
Кездесу кеш соңында бітіруші түлектерге Сәкен Нұрқабекұлының «Мамандықтың мәні» атты кітабын сыйға берді. Шара соңын мектеп директоры Мұхтар Байұзақұлы кеш қонақтарына мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс хат табыстап қорытындылады.
Ақнұр САҒЫНТАЙ