БІЛІМНІҢ ЖАҚҚАН ШЫРАҒЫН – МЕКТЕБІҢ МӘҢГІ ЖЫР ӘНІҢ
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар – бұл кез келген заманауи мемлекеттің стратегиялық әлеуеті. Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқылануы, оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады.
Осы орайда №121 орта мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде Отаншылыдық және патриотизм бағыты бойынша және құқықық бұзушылықы пен нашақорлықтын алдын алуға бағытталған іс-шара аясында аудандық прокуратурасы және аудандық білім бөліміен бірлесе тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Сержан Жолдасбаев, Талғат Бұқпанов және педагог үйымдастырушы Серікжан Әбдуалиев «Dauletten қайырымдылық қоры» ЖҚ жоба менеджері, «Dauletten.kz» танымдық-ақпараттық порталының корреспонденті 2017 жылғы мектебіміздің түлегі Бекматов Нұрасыл Жасұланұлымен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Нұрасыл Жасұланұлы мектебіміздің жоғарғы 11 сынып оқушыларына Отансүйгіштік бағытта және туған елге қызмет ету әрбір жастын азаматтық парызы екенің түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып презинтация арқылы баяндады. Мұнан соң сөз алған аудан прокурорының көмекшісі Әділет Сағымбекұлы жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен лудамания және нашақорлықтын алдын алу жайында баяндады. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Қаналыбекқызы «Біртұтас тәрбие» бағыттары мен жұмыс барысна тоқталса, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Әлиев Мағауия ағай қазіргі қоғамда ата-аналар рөлі мен жауапкершілігін артыру ға шақырды. Нұрасылжың сынып жетекшісі Қасымханқызы Қаракөз бала Нұрасылдың бала кезден зерек, білімге, кітап оқуға құштар екенін айтты. Кездесу кеш барысында бүгінгі біздің мақтанышымыз Бекматов Нұрасыл Жасұланұлы «Бақытсыз жан», «Жастар жылында жеткен жетістіктерім», «Қадір құл ишан Оразмағанбетұлы. Бәрі де бір Алланың ісі...» Кітаптарының авторы мектеп бітіруші 11 сыныптың 31 оқушыларына «Мамандықтын мәні» атты кітабін сыйға берді. Шара соңын мектеп директоры Мұхтар Байұзақұлы кещ қонақтарына мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс хат табыстап қорытындылады.