» » Ауыл жастарымен кездесу кеші ұйымдастырылды

Ауыл жастарымен кездесу кеші ұйымдастырылды

ІІІ Интернационал ауылдық мәдениет үйі қызметкерлері мен ауыл әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі маманы А.Оңалбайдың ұйымдастыруыменен 12 тамыз күні КОВОРКИНГ орталығында Халықаралық жастар күніне орай «Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы» атты әр салада жұмыс жасайтын белсенді ауыл жастарымен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Кездесу кешін ауыл әкімі Ж.Қалымбетов кіріспе сөзбен ашып, «Жастар – ел болашағы» атты бейнеролик көрсетіліп, әрі қарай кеш қонақтары №9 «Достық» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Айсұлу Әбдісәлімова, №108 орта мектеп мұғалімі Жылкелді Батырбекұлы, «Бади-Нұр KZ» балабақшасының тәрбиешісі Ақерке Алпысқызы өз мамандықтары жайлы әңгіме тарқатып, ұсыныс-пікірлерін айтып, мерекелік тілектерін білдірді. Ауыл әкімі белсенді жастарымызды алғыс хатпен марапаттап, кеш жүргізушісі, «Ән салу» үйірмесінің өнерпазы Бақдәулет Серікбайұлы М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен аяқтады.
13 тамыз 2024 ж. 324 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 804
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930