» » Жақсылыққа жаны құмар

Жақсылыққа жаны құмар

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Қай заманда болмасын, қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің көрнекті ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген сөзі бар. Шын мәнінде, мен де жастарға сенемін. Баршаңызды қолдаймын. Расында, біздің елімізге сіздер сияқты белсенді, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар керек. Еліміздің болашағы – жастардың қолында» деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастармен тікелей байланысты екендігін айқындайды.
Біздің ауданда да елге қызмет етемін деген жастар жетерлік. Қандай қоғамдық іс-шара болса да ортасынан табылатын жастардың бірі – Елдос Айдосұлы. Ол Жосалы кентінің тумасы. Кент орталығында No183 мектепте тәлім алып, Абылай хан атындағы колледжде орта білім, «Болашақ» университетінен жоғары білім алады. Бүгінгі таңда аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесшісі қызметінде. Онымен қоса «Жастар Рухы» жастар қанатының аудандық филиалының бөлімшесіне жетекшілік етеді. Белсенді жас қайырымдылық басқосулардан да қалыс қалмайды.
– «Ардагерлерді ардақтайық», «Қуанса бала қуансын», «Жылулық сыйла», «Ел үлесі – пәтерге», «Мейірім көкке көтерер» жобалары мен «Мектепке жол» акциясы жалғызбасты, көпбалалы, аз қамтылған, тұл жетім және ардагерлерге волонтерлық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеміз. Одан бөлек Иіркөл, Ақжар, Тұрмағамбет ауылдық округтердің жастар саясатын жүйелі жүзеге асырылуына ат салысудамын. Өзіме бекітілген сала бойынша жүйелі, тұрақты әрі сапалы түрде қызмет атқарудамын. Яғни құқықбұзушылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша аудан жастарына аянбай еңбек етеміз. Құқықбұзушылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында АТТ мүшелерін құрып, жастар көп шоғырланған әлеуметтік желілерге, ауданға қарасты білім ұйымдарымен бірлесіп оқушы және студент жастарға түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізудеміз, – дейді Елдос Транай.
Өз жұмысымен қатар қоғамдық істі қоса алып жүрген жастың еңбегі де елеусіз емес. Қоғамдық даму басқармасының, облыс әкімінің, республикалық волонтерлар фронд-офисінінің директорының Алғыс хатын иеленіп, БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары С.Ходжиматовтың Сертификатын иеленген. Мұның бәрі тынымсыз тірлік пен қоғамға деген жанашырлықтың жемісі. Өзіндік пікір-пайымы қалыптасқан белсенді жас замандастары туралы мынадай ойымен бөлісті.
– Қазіргі жастар алғыр. Жаңалыққа тез бейімделеді. Әрі еңбекқор, бір жұмыспен жүруді жөн көрмейді. Басым көпшілігі – жан-жақты, ізденімпаз. Алайда, барлық нәрсенің бірден болғанын қалайды. Шыдамдылық, сабырлық таныта қоймайды, көп нәрсенің байыбына бармайды. Осы тұста жастарымыз ардагерлермен, аға буын өкілдерімен сұхбаттасып, тілдесіп, сабақтастықты үзбеген дұрыс. Жастарымыз білімді, тәрбиені және рухани дамуды қатар алып жүргені жөн. «Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын. Адамгершілік деген асыл қасиетті аласартып алмасақ екен. Өмір өзегі осы, азаматтық жолы да осы» деп Дінмұхамед Ахметұлы бабамыз біздерден зор үміт күткен. Біз сол үдеден, артылған сенімнен шығуымыз керек, – дейді Елдос Айдосұлы.
Қарап отырсақ, тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді дамыту – қазіргі жастардың басты міндеті. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек Елдостай білімді, алғыр жастар ғана ұлтымызды асқақтатып, елімізді көкке көтереді.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
13 тамыз 2024 ж. 308 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 286

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 381

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930