Есірткіге алданған балалар
Ауыл балалары далада ойнап жүрген. Олар тау бөктерінде жүрген, Дәулет балаларға үңгірге барып қайтайық деді. Үңгірге барар жолда бір бейтаныс қарияны кездестіреді.
Ол қария балаларға әңгімесін айтып, балаларды өзіне баурап алды. Біраздан кейін балаларға қарияның қолындағы қорапшасын қызықтап ішінде не бар екенін сұрады. Ол балаларға өздері секілді базарлық екенін айтып, кәмпит ұсынды. Кәмпиттің дәмділігінен бас тарта алмаған кейбір балалар қайта сұрап жеді.
Олар үңгірге жеткенше бірнешеуін алып жеп қойды. Ол кәмпит адамға уақытша керемет көңіл-күй сыйлайды, бірақ артынан сезім мүшелерін сезбеуге әкелді. Олар еркінен тыс күліп, шаттанды. Оны байқаған Дәулет «Балалар, ауылға қайтайық, біраз уақыт болып қалды» деп еді, ешкім пысқырмады. Дәулет дереу ауылға жол тартты. Ауылға келіп ауыл үлкендеріне болған жайтты баяндап берді. Естіген бойда үлкендер үңгірге бет алды. Келсе манағы қария жоқ екен, бірақ балалар сезім мүшесінен айырылып, айтқан сөздерді ұқпай біртүрлі болып отыр екен.
Ақылдаса келе, ауылдың үлкендері тау бөктеріндегі «Денсаулық» атты бұлаққа балаларды әкелуді шешті. Себебі сол бұлақтың суын ішкен адам жаман нәрселерден тазарады екен. Балалар сол суды ішіп, манағы күйлерінен айықты. Өздері де не болғанын түсінбей біраз уақыт отырды. Бұл болған жайт балаларға сабақ болды. Бұдан кейін балалар бейтаныс адамдарға жақындамай, берген нәрсесін жемейтін болды.
Бахытжан Сая,
Т.Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясы
6-сынып оқушысы