» » » Нұрсұлтан Назарбаев үйлену тойын ерекше өткізді

Нұрсұлтан Назарбаев үйлену тойын ерекше өткізді

Семей тұрғыны Нұрсұлтан Назарбаев үйленді. Қалыңдығы Алтынай Иса екеуі балалар үйі тәрбиеленушілеріне мереке ұйымдастырып берді.
Бұл той ерекше болды. Олар қымбат мейрамхана жалдаған жоқ, той серуеніне де шыққан жоқ. Қалыңдық қымбат көйлек киюден де бас тартты.
Заңды некелерін қиған соң жас жұбайлар екі балалар үйінің тәрбиеленушілері демалып жатқан лагерге аттанды. Оларға мерекелік дастархан жайып, кәсіби аниматорладар құралған топ жалдады. Олар балаларға бірнеше сағат бойы ойын-сауықтық бағдарлама көрсетті.
Нұрсұлтан мен Алтынай 7 жыл бойы кездесіп жүрді. Күйеу жігіт те, қалыңдық та тойдың керемет өтуін армандамаған. Олар ата-ана махаббатын сезінбей өскен балаларға мереке ұйымдастыруды жөн деп тапқан.
«Нұрсұлтан да, мен де көп балалы отбасынан шыққанбыз. Жолдасым – мұғалім. Сондықтан балаларға қуаныш сыйлайық деп шештік. Біз ең маңызды күніміздің өзгелердікіне ұқсамай өткеніне өкінбейміз. Ата-анамыз да біздің шешімімізге қарсы болған жоқ», – дейді Алтынай.
14 тамыз 2018 ж. 2 773 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 336
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 108

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930