ЖОҒАЛҒАН БАҚТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
Баяғыда бір әсем жерде жайқалған бақ өмір сүріпті. Бұл бақта түрлі гүлдер, жемістер, ағаштар өсіп, өзендер мөлдіреп ағып жататын. Адамдар бұл бақты "Бақыт бағы" деп атапты, себебі онда тек жақсы, мейірімді адамдар ғана өмір сүріпті.
Бір күні баққа қара бұлттай жабылған бір белгісіз өсімдік келіпті. Оның жапырақтары жылтырап, жемістері ерекше хош иіс шығарыпты. Бірақ бұл өсімдік сиқырлы екен. Оны жеген жан бірден әлсізденіп, жалқау бола бастапты. Ал адамдар бұл өсімдікке тәуелді болып, оны қайта-қайта жегісі келе беріпті.
Көп ұзамай, бақтың тұрғындары қуатсызданып, бақтың көркі жоғала бастапты. Құстар сайрамай, ағаштар сола бастаған. Бақтың ең кішкентай тұрғыны, жасыл шөпқоңыз Білімбек бұл жағдайдың себебін анықтауға бел буыпты.
Білімбек бақтың данагөйі – Емен ағашына барып:
– Емен ата, бұл өсімдіктен қалай құтылуға болады? Ол барлығымызды әлсіретіп жіберді, – деп сұрапты.
Емен ағашы терең күрсініп:
– Бұл – "Ессіздік шөбі". Ол адамды өзіне баурап алып, денсаулығыңды да, бақытыңды да тартып алады. Бірақ одан құтылу үшін сендер өзіңнің ерік-жігеріңді пайдаланып, бұл шөпті түбірімен жоюың керек, – депті.
Білімбек барлық тұрғындарды жинап:
– Біз бақты құтқаруымыз керек! Бұл өсімдікті жою үшін оның жемістерінен аулақ болып, бірге әрекет етейік, – депті.
Бәрі бірігіп, Ессіздік шөбінің бар тамырын тауып, оны бақтан аластатыпты. Бірақ бұл оңай болмаған. Әр тұрғын өзінің ерік-жігерін, достарының қолдауын пайдаланып, қиындыққа төтеп берген.
Бірте-бірте бақ қайтадан жайқала бастапты. Тұрғындар өздерін бұрынғыдан да мықты сезініп, енді Ессіздік шөбіне жоламауға уәде беріпті.
Содан бері бұл бақта есірткіге ұқсас өсімдіктердің ешқашан өспеуіне барлығы бірге қамқорлық жасайды екен. Олар үшін ең үлкен байлық – денсаулық пен бақыт екенін түсініпті.
Інжумаржан БИЖАНОВА,
№284 мамандандырылған
мектеп-лицей-интернатының
7-сынып оқушысы,