» » Тіл мәртебесі бәрінен маңызды

Тіл мәртебесі бәрінен маңызды

Мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі қастерлі принциптерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мемлекеттік тілдің мерейін асыру мақсатында мемлекеттік қызметте қажырлы жұмыс атқарылуда. Барлық шығыс құжаттары мен мемлекеттік мекемелермен хат алмасу мемлекеттік тілде жүзеге асырылады.
Тіл қашанда ұлттың ұйтқысы. Сөзі өз тілінде шыққан халықтың егемендігі баянды, тұғыры қашан да биік. Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызы мен салмағы күн санап арта түсуде. Жас ұрпақтың тілі ана тілінде шығып, қазақ тілінде білім алуына, басқа да тілдерді жетік меңгеруіне толық мүмкіндік те бар. Өзге тіл дің бәрін біліп, өз тілімізді құрметтеу үшін ең алдымен, тілді білуге деген қажеттілік туындауы керек деп ойлаймын. Екіншіден, әрбір адамға тілді үйренуге деген ниет пен білім қажет. Ананың сүтімен бойға дарыған туған тілді құрметтеу – ең қымбат, ең асыл қасиеттердің бірі. Ал осы қасиеттерді жастардың бойына сіңіріп, қазақ тілінің мәртебесіне сызат түсірмеу баршамыздың жұмыла көтерген жүгімізге байланысты.
Жалпы тіл мәселесіне келгенде әрқайсымыз жауапкершілік танытуымыз керек. Себебі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, мәртебесін өсіру жолында мұндай жауапкершілік болмаса, қолға алған істеріміздің нақты мақсатқа жетуін айтарлықтай кедергі келтіреді. «Тіл тұғыры – ұлт тұғыры» екенін естен шығармауымыз керек. Әсіресе, кейінгі жастар қазақ тілін үйренуге, қазақ тілінде сөйлеуге жетік мән берсе деп ойлаймын. Себебі жастар – елдің келешегі. Ел келешегі тек қана экономикалық жетістіктермен ғана емес, мәдени рухани қазыналарымызбен де айқындалып, тұғырлана түсері хақ. Олай болса, жастарымыз тіл мәселесіне келгенде сергектік танытып, жанашырлықпен қараса, игілікті іс болар еді.
Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Тіл ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Елімізде мемлекеттік тіл қазақ тілін дамыту, оның қолдану аясын кеңейту, дамуы мен жетілуіне жанжақты қамқорлық жасау бүгінгі күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселені жүзеге асыру үшін арнайы қабылданған бағдарламалармен жұмыс істеу, ісшараларды тұрақты түрде жүргізу, күнделікті жұмыс барысында мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру бәрімізге ортақ міндет.
Сондықтан мемлекеттік тілді ұлттық идея етіп, сол тілді қолданып, сол тілде сөйлеп, елімізге адал қызмет етейік.
Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту тілге жанашыр азаматтарға тікелей байланысты екенін жадымызға сақтап, соны іске асыруға жұмыла кіріссек, мәселе оңынан шешіледі.
А.ҚАЗЫБЕКОВ,
аудандық соттың судьясы
26 желтоқсан 2024 ж. 93 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031