Сөзден іске көшетін кез келді
Мемлекеттік тіл ұлттық сананың кілті. Тілді сөйлеу арқылы санамыздың бір түкпірінде жатқан өткен тарихқа деген қөзқарасымызды түзейміз, келешекке деген сеніміміз ұлғаяды. Әлемдік өркениеттер тарихында өзгеше салтанат құрған кешегі көпшілік дәуірінің ендігі кезеңіндегі даму қарқыны да сол байырғы есте сақтаумен тікелей байланысты.
Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттық тілі, діні, мәдениеті, ділі. Тәңірдің адам баласына жасған ең үлкен сыйы да осы тіл. Тіл – қасиетті де қастерлі. Тілдің бойында өзекті, адамды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл – тағдыры –ел тағдыры.
Ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынов: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» - деген екен. Ата Заңымыздың аясында бақ берекеміздің сақталып, іргеміздің нығайып отырғаны тіл саясатын жүргізудің жарқын бейнесі. Тіл - халық қазынасы, ұлттың жаны һәм айнасы. Тіл мәселесі – бір адамның ғана емес, барша қазақ ұлтының мәселесі. Тілдің мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Сондықтан, тіл мәселесіне аса назар аудару – біздің басты міндетіміз.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабының 1-тармағы мен «Тіл туралы» заңның 4-бабына сәйкес, Мемлекеттік органдар арасындағы хаталмасу, жиналыстарды өткізу, жиналыс хаттамаларын жүргізу тілі мемлекеттік тілде жүргізілуі керек делінген. Сондықтан тілге деген құрмет – елге, халыққа деген құрмет. Ел мерейі – тіл мәртебесі. Тілсіз халықтың өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған, әлем мойындаған ел болу үшін тілімізге деген құрмет соғырлым жоғары болу қажет. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей ана сүтімен дарыған қасиетті де қастерлі тілге құрмет көрсетіп, дақ түсірмеу сізбен-біздің парызымыз
Қармақшы аудандық соты әкімшісінің
аға сот приставы Б.Айжарықұлы