» » ЖЕЛТОҚСАН ШЕЖІРЕСІ – ЕЛІМНІҢ МӘРТЕБЕСІ

ЖЕЛТОҚСАН ШЕЖІРЕСІ – ЕЛІМНІҢ МӘРТЕБЕСІ

ОСЫНДАЙ ТАҚЫРЫПТА АҚТӨБЕ АУЫЛДЫҚ КЛУБ ҮЙІНДЕ АУЫЛ КІТАПХАНАШЫСЫ МАРХАБАТ ШЫНАРБАЕВАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ІС-ШАРА ӨТТІ.
Кештің мақсаты – кітапхана оқырмандарына 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себеп- терін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру. Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрес- керлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
Іс-шараға желтоқсан оқиғасының куәгері, No109 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Алмагүл Жансейітова қонақ ретінде шақырылды. Ол студенттік жылдарындағы сол бір қиын кезеңді есіне түсіріп, оқиғаның қалай өрбігенін баяндап берді. Ата-бабамыз сан ғасырлар бойы аңсаған егемендік оңай келмегенін, қазақ жастардың патриоттық рухы, елім деп кеуделерін оққа да, ыстық шоққа да тосуының нәтижесінде ел тәуелсіздік алғанын тілге тиек етті. Ауыл әкімі Қанат Аралбаев та кешке қатысып, өзінің тілегін жеткізді. No109 орта мектептің Тұрсынай Берікбаева жетекшілік ететін 5-сынып оқушылары мәнерлеп өлең оқыды, сахналық қойылым көрсетті. Мәдениет қызметкерлері ән мен жырдан шашу шашты. «Желтоқсан желі», «Жаса, Қазақстан!» әндері хормен шырқалды.
«ҚТ» ақпарат
22 желтоқсан 2024 ж. 555 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 804
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930