» » Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік

Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік

ЖОСАЛЫ, 13 желтоқсан – qarmaqshy-tany.kz Аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Ләззат Сұлтанбекқызы мен кабинет мамандарының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай "Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік" атты мерекелік шара өтті. 


Мақсат - Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау. Жас ұрпақтардың бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Іс-шараға түзете-дамыту сабақтарын алатын балалары мен ата-аналары қатысты. Желтоқсан оқиғасына қатысқан халық қаһармандарына бір минут үнсіздік жарияланып, ерліктеріне тағзым етілді. Желтоқсан оқиғасының қатысушысы болған Зағира апайдың сол жылдағы Тәуелсіздік үшін құрбан болған қаншама ағаәпке,бауырларымыздың ерліктерін жан тебіреніспен баяндап берді. Сонымен қатар кабинет мамандары " Жаса, Қазақстан" әнімен флешмоб ұйымдастырды. Түзете-дамыту сабақтарын алатын балалардың Тәуелсіздікке арналған жыр тақпақтары мен Ибраева Гауһардың орындауындағы " Көңілді күн" әнін баршаға тарту етілді. Іс-шара соңында кабинет мамандары " Елім менің " әнін шырқады. Тәуелсіздік күніне арналған Мерекелік шара соңында ата-аналар Маханова Бақыткүл және Көшекбаева Максуда кабинет меңгерушісі мен мамандарға алғысын білдірді.
13 желтоқсан 2019 ж. 1 021 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728