» » ЕРГЕ БЕРГІСІЗ ЕҢБЕК

ЕРГЕ БЕРГІСІЗ ЕҢБЕК

Күнде таңертең сағат 8:30-дар шамасында жұмысыма «Ардагерлер аллея­сы» арқылы өтемін. Үйіме түскі үзіліспен кешкілік уақытта да осы жолмен қайтуды әдетке айналдырғанмын. Сол саябақтан қай уақытта өтсем де, тыраштанып жатқан бір кісіні байқаймын. Өзі уақытпен санаспайды да. Кешкілік тоғыз-он шамасында да оны осы саябақтан табуға болады. Үй көрмей тапқан еңбегіне топандай айлық алмасада, тобықтай ақшасын місе тұтқан. Ол кім дейсіз ғой?
Ол кісі аудандық «Ардагерлер аллеясының» тазалығына жауапты – Айымкүл Мамбетова. Ол «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламаcы аясындағы «қоғамдық жұмыс» бөлімі бойын­ша тіркелген. Өзінің жұмысқа тұрғанына көп болмаса да, ісіне адал. Күндіз-түні, тіпті демалыссыз саябақтың ішінде. Шөп жұлу, тырмалау да осы кісінің мойнында. Нәзік жанды әйел болғанымен, ер адамға бергісіз тіршілік етіп жүр. Айына алатыны – жиырма үш мың теңге. Біреулердің шай-пұлына да жетпейтін айлықты күнкөрісіне жеткізіп отырғанын, арасында қарызданып та күн көріп жүргенін айтады кейіпкеріміз. «Ардагерлер аллеясы» жұмысымыздың жанында орналасқандықтан, терезеден бәрі айдан-анық көрінеді. Шөпті де жұлады, қоқысты да шығарады,сыпырады да. Қай уақытта қарасаңыз, жұмысына білек сыбана кірісіп кеткенін байқаймыз да таңдай қағамыз. Ерлеріміздің өзі ерінетін істен Айымкүлдің шаршамайтынын аңғардық. Ол кісімен жол-жөнекей тілдесудің де сәті түскен еді.
– Осы жерді сеніп тапсырғаннан кейін таза етіп ұстау –міндетім. Түскі асқа да шықпаймын. Осы жердегі дүкеннің бірінен аздап жүрек жалғап алып, қайта тазалауға кірісемін. Үйге барғанда не етпекпін? Жалғыз өзім пәтер жалдап тұрамын. Жалғыз адамға уақыт та өтпейді. Сондықтан бар уақытымды осы жерде өткізген дұрыс. Бір жағынан ойың да бөлінеді. Шөп шабамын, сыпырамын, қыста қарын күреп, қоқысын тазалаймын. Кейде тазалап қойған жерімді, саябақта демалушылар келіп былғап кетіп жатады. Кейде көзімше тастайды қоқыстарын. Соларды жинаумен-ақ кеш батқанын білмей қаламын, – дейді А.Мамбетова.
Иә, қанша жұмыс жасап жатқан адам көргенімізбен, дәл осындай жұмысына берілген жандарды кездестіру әсте қиын. Кейде салқын жерде отырып алып, алатын айлығымызға көңіліміз толмай жататыны жасырын емес. Ал, бұл кісі күннің ыстығына күйіп, қыстың ызғарына тоңып, күндіз-түні үй көрмей тапқан адал нәпақасына разы. Екінің бірінің қолынан келе бермейтін, ерге бергісіз еңбекқорлығына шын тәнтіміз. Алла осындай еңбекқорларға күш-қуат берсін.
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
07 маусым 2018 ж. 1 663 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 380
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 167

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930