» » Келешекке – сапалы біліммен

Келешекке – сапалы біліммен

Жақында «Академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінде 2024-2025 оқу жылы бойынша жылдық өткізілетін апталық жоспарына сәйкес «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының «Сапалы техникалық білім – жастар жаңғыруының негізі» атты апталығы болды. Апталықтың ашылу салтанатына, белгіленген шаралардың өткізілуіне «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының арнайы пән оқытушылары Б.Қожанова, С.Есеналиев, Ж.Көбеков, И.Әбішева жауапты болды.
«Сапалы техникалық білім – жастар жаңғыруының негізі» атты апталыққа орай оқушылардың өзгеше ойлау қабілетін дамыту, кәсіптік-техникалық білім алуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында Байқоңыр, Төретам, Ақай ауылдарының мектеп оқушыларының қатысуымен «Болашақтың көлігі қандай болуы керек?» атты жоба, колледж білімгерлерімен «Жол қауіпсіздігі баршаға ортақ» атты топтық жарыс пен «Бірге биік шыңдарға» атты педагогтер арасында квест ойыны өткізілді.
«Жол қауіпсіздігі баршаға ортақ» атты топтық жарыстан колледж білімгерлері топ бойынша өзара сайысқа түсіп, 6 кезеңнен тұратын сұрақтарға жауап беріп, бақ сынасты. Топтық жарыс нәтижесі бойынша І дәрежелі дипломмен МС-123 тобы, ІІ дәрежелі дипломмен АШ-123 тобы, ІІІ дәрежелі дипломмен АТ-123 тобы марапатталды.
«Бірге биік шыңдарға» деген атпен өткен ойынның шарты бойынша педагогтер «Мақсат қою», «Заманауи педагог», «Кәсіби құзыреттілік» атты 3 аялдамаға тоқталып, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. «Үздік» және «Достық» деген екі топқа бөлініп, өзара бақ сынасты. Топ мүшелері өздерін таныстырып, әр кезең бойынша ойларын жеткізіп, жан-жақты тың ақпараттарға тоқталды. Квест ойын нәтижесі бойынша Жазылбек Садуов және Гүлжазира Бәйтерекова «Лидер педагог», Аяжан Нағыманова мен Ажар Арықбаева «Креативті педагог» номинацияларымен марапатталды.
Апталықтың соңғы күні «Болашақтың көлігі қандай болуы керек?» атты байқау ұйымдастырылды. Оның мақсаты – «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша оқушылардың қызығушылығын арттырып, негізгі орта білім беретін ұйымдарының талантты, дарынды шығармашылық оқушыларын қолдау болып табылады.
Байқауға жалпы 11 үміткер қатысып, бақтарын сынады. Қазылар алқасының мүшелерінің шешімі бойынша І дәрежелі дипломмен No275 орта мектеп оқушысы Дінмұхаммед Қамқорұлы (жетекшісі Шынарбай Омарқұлов), ІІ дәрежелі дипломмен No269 орта мектептің оқушысы Диас Қаппар (жетекшісі Ақтоты Шаймаханова) және колледж студенті Елмұрат Мақсұтов (жетекшісі Индира Әбішева), ІІІ дәрежелі дипломмен No99 орта мектептің оқушысы Нұрислам Раймов (жетекшісі Марат Сұлтамұратов) пен No80 мектеп-гимназиясының оқушысы Рамазан Балтабаев (жетекшісі Гульфайруз Оңдасын), қалған қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Сапалы техникалық білім – жастар жаңғыруының негізі дегендей, балаларға дұрыс бағыт-бағдар, сапалы білім беру кез келген ұстаздың тікелей міндеті.
Баян ТОЙБАЗАРҚЫЗЫ,
С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі
«Арнайы пәндер» бірлестігінің жетекшісі
15 желтоқсан 2024 ж. 211 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 343
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031