Мен қалаған мамандық
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында адам өміріне қолайлы жағдайлар туғызып, халықтың талап-тілектерінің жүзеге асуын, әл-ауқатының жақсаруын өздерінің алтын қолдарымен жасап келе жатқан қоғамдағы үлкен, әлеуметті жұмыс күші – құрылысшылар.
Жуырда «Академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінде «Мен қалаған мамандық» тақырыбында «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының апталығы өтті.
Апталықтың алғашқы күні салтанатты жиынмен ашылды. Онда колледж директоры Әнуар Дәуленбаев кез келген қаланың сәні тың архитектурасы мен құрылысына байланысты болатынын сөз етсе, «Асар плюс» ЖШС мекемесінің директоры, аудандық мәслихат депутаты Сейл Жұмадьяров жүрекжарды тілегін жолдады.
Апталықтың негізгі мақсаты студенттердің таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыру. Топпен жұмыс істей отырып өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу, өтетін іс-шаралар арқылы білімгерлердің пәнге деген қызығушылығы мен құрметін ояту. Апталық барысында арнайы пән оқытушысы Нұрай Қайроллаева «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының 2 курс студенттерімен «Құрылысшының құпиясы» атты интеллектуалды сайыс өткізсе, Шынаргүл Назарова Ғ-120 тобының білімгерлерімен «Менің мамандығым» атты құрылысшылар додасын ұйымдастырды.
Апталықтың жабылу кешінде оған белсенді қатысқан барлық студенттің есімдері аталып, дипломдар мен алғыс хаттар табысталды. Бұл іс-шаралар осымен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табатын болады.
Білім беру мен тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі – сыныптан тыс жұмыс. Ол оқушылардың шығармашылық қабілеті мен дербестігін жан-жақты дамыту, бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыруға, оқытушылардың шығармашылық қызметін шыңдауға жол ашады.
Колледж студенттері апта көлемінде іс-шараларға қызығушылық танытып, осындай апталықтардың, зияткерлік сайыстардың көп болуына ұсыныс білдірді.
Шынаргүл ЕРАЛИҚЫЗЫ,
«Арнайы пәндер» бірлестігінің жетекшісі
«Арнайы пәндер» бірлестігінің жетекшісі