» » ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Байқоңыр қаласындағы №273 орта мектебінде «Ұрпақтар сабақтастығы» атты тақырыбында «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Әнуар Дәуленбаев жастарымен кездесуі болып өтті.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсат-міндеттерімен тереңірек мектеп директоры, аудандық мәслихат депутаты Ғалымжан Ұзақбаев таныстырып, жиналысты ашып берді.Ол қазіргі қоғамда болып жатқан түрлі келеңсіз оқиғалар,жағдайлар отбасындағы тәрбиеден бастау алатындығын, сонымен қатар адамдардың бір-біріне қатал болып бара жатқандығынан деп түсіндірді.Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты: ата-бабамыздан қалған әдет-ғұрыпты,салт-дәстүрді ұрпақ санасында жаңғырту деді.
Келесі сөз кезегін математика пәнінің мұғалімі Хамитов Нұрсұлтан алды. Ол теледидардан көрсетіліп жатқан: «Кел, келінім», «Қалаулым» бағдарламаларының тәрбиелік мәні жоқ және бұлардың қазақ жастарына жат қылық екендігін айтып өтті. Мектебіміз «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»аясында болып жатқан аудандық сайыстарға, семинарларға жас мұғалімдеріміз белсенді түрде қатысуда.Айта кететін болсақ «Жарқын болашақ» тақырыбында өткізілген жас мұғалімдер арасындағы жайдарман ойындарынан жүлделі орын, үгіт –бригадалар сайыстарында жақсы өнер көрсетілді. Келесі сөз кезегін мектеп тәлімгері Алуа Серікбай алды. Ол «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыстармен танныстырды.Олар: халықтар достастығын нығайту, тарихты терең меңгерту,азаматтық борыштарды орындауға жауапкершілікпен қарауға бағытталған шаралар болып табылады.
«Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Әнуар Дәуленбаев – «Еліміздің болашағы жастар, ал олардың рухани азғындауы ұлттың құруы десем артық болмас.Сол себепті осы бағдарлама қолға алынған еді.Сіз бен біздердің міндетіміз өскелең жас ұрпақтың санасын уламау, керісінше қолдан келгенше ата-баба мұрасын насихаттау» деп өз сөзін түйіндеді.
13 маусым 2018 ж. 931 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930