» » Жетістіктер жаңашылдыққа үндейді

Жетістіктер жаңашылдыққа үндейді

Біз тағы бір жылды тарих қойнауына тапсырып, жаңа Ұлу жылымен қауыштық. Дана халқымыз «ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» деп келер жылдан үлкен үміт күтіп, жақсылық тілейді.

Өткен жыл «Академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесі үшін жағымды жаңалықтарға толы болды деп айтуға болады. Ең маңыздысы – жаңа бағыттағы өзгерістер. Алғашқысы – білім беру саласын цифрландыру аясында колледжіміздің бітіруші түлектеріне тапсырылатын дипломдар бланкі де QR кодпен беріле бастады. Студенттердің шәкіртақысының 50 пайызға көтерілуі де осы жылдың жағымды жаңалықтарының бірі болып отыр. Колледжіміздің «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығының ІІІ курс студенті Еркебұлан Жарылқапов «WorldSkills Kazakhstan – 2023» республикалық кәсіби шеберлік конкурсына «Кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша қатысып, бақ сынады.
Бәсекеге қабілеттілікті арттыратын сайыстардың нәтижесінде колледждің бірқатар ұстазы біліктілік арттыру курстарынан өтіп, биік белестерден көрінді. Әріптесіміз Шынаргүл Назарова «WorldSkills Kazakhstan – 2023» республикалық байқауының сертификатына ие болды. Қызылорда қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында әскериқолданбалы спорт түрінен «Отан қорғаушы – 2023» облыстық сайысына АӘД пәнінің оқытушысы Айбек Райымбаев студенттер қатыстырып, жүлделі орындар алды. ТМ-122 оқу тобы студенті Сәли Битөре АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу мен жинақтаудан І орын, Ғ-221 оқу тобының студенті Дамир Шынтемірұлы капитандар сайысынан ІІІ орын, А-120 оқу тобының студенті Нұрбол Оралбеков белтемір көтеруден ІІІ орын иеленді. Білім саласының ардагері Сәду Калимахановты еске алуға арналған президенттік тест сынама түрлерінен өткізілген облыстық жарыста 100 метрге жүгіру бойынша МС-123 оқу тобының студенті (жетекшісі Ғабит Қалыбаев) жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Халықаралық деңгейде өткізілген «Біздің біліміміз – біздің қауіпсіздігіміз» атты ІХ ашық чемпионатта колледж командасы жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. «WorldSkills Kazakhstan – 2023» байқауының облыстық кезеңінен колледж студенті Али Маханбет (жетекшісі Сәкен Есеналиев) «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша ІІІ орынды иемденді. «Ұлағатты ұрпақ тәрбиесі бүгіннен басталады» атты облыстық конференцияға колледж оқытушысы Сәкен Есеналиев қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Қызылорда қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжі ұйымдастырған «Кәсіпкерлік – тұрақтылық және табыс» атты облыстық байқаудан студентіміз Еркебұлан Жарылқапов (жетекшісі Гүлжазира Байтерекова) ІІ дәрежелі диплом алды. Алдағы жылдың еншісінде жаңа мамандықтар ашу жоспарымызда тұр.
Иә, біз – өткен күнге өкпе жоқ, келер күннен үміт көп деген тәлімді сөзді өмірлік мұрат еткен халықпыз. Шындығында да, адамзат баласы алға үмітпен қарайды. Үмітпен тыныстап, үмітпен алға жылжиды. Сондықтан келіп жеткен ұлу жылынан күтер үмітіміз көп. Ең бастысы – халқымыз аман, еліміз тыныш, бейбітшілік заман болсын деген тілек бар бізде.
Шолпан ДӘУЛЕНБАЕВА,
ҚР Ұлттық машина жасау және көлік академиясының
корреспондент-мүшесі, экономикалық ғылымдар магистрі
17 қаңтар 2024 ж. 165 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

№36 (10301)

07 мамыр 2024 ж.

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031