» » Құқықтық сауаттылықты арттыру - басты міндет

Құқықтық сауаттылықты арттыру - басты міндет


Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конфенцияны қабылдағанына 25 жыл, ратификакацияланғанына 30 жыл және Дүнижүзілік балалар күні жарияланғанына 70 жыл (20 қараша ) іс шаралар жоспары аясында «Құқықтық сауаттлықты арттыру- басты міндет» тақырыбында аудандық ата-аналар кеңесінің отырысы өткізілді.

Мақсаты: қоғамдағы негізгі құндылықтар (тәрбие, ар-намыс, заңға, қоғамға деген құрмет, отбасы құндылығы, сондай-ақ Президенттің «Заң мен Тәртіп қағидаты Қазақстан қоғамының идеологиялық және саяси темірқазығына айналуы тиіс.» - деген сөздерін түсіндіру және басқа да осы тектес мәселелер) кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылық себеп-салдар, жүргізілген жұмыстар балалар арасындағы құқықбұзушылық, түнгі уақытты жалғыз қыдыру, ойын-сауық орындарына бару, қылмыс жасау (жыныстық қылмыстар, жалған терроризм, ұрлық, әлімжеттік жасау, нашақорлақ, күш көрсету, бопсалау, тонау және тағы да басқа) және басқа да заңсыз әрекеттердің (ішімдік қолдану, қоғамдық орындарда тәртіпті бұзу, вандализм және т.б) салдары әлеуметтік желілердегі құқық бұзушылықты насихаттайтын ақпараттардың жастардың дамуына кері әсер ететіндігі туралы.

Кеңеске аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Әлиев, аудан прорурорының міндетін атқарушв З.Гичиев, Қармақшы аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ж.Аликулов , мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, ата-ана комитетінің төрағалары, ата-аналар қатысты. Елді мекендер мен Байқоңыр, Төретам мектептері зум арқылы баланыста қатысты.

Білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқылап, алдағы міндеттерге тоқталды.

№27 мектептің директоры Қ.Аймаханова «Мектепшілік бақылауға алынған оқушылармен жұмыс», №250 мектептің директоры Г.Еркебаева «Білім беру ұйымдарының заңдылықты сақтауы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» жөніндегі іс шаралар жоспары жол картасына байланысты жүргізілген жұмыстар, №26 мектептің директоры М.Ерғалиева «Қылмыстылық құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы 2024 жылға арналған профилактикалық іс шаралар жоспары бойынша жүргізілген жұмыстар» №105 мектептің директоры Н.Райымов «2024-2025 жж арналған құқықбұзушылық, буллинг, есірткі лудомания, вейп темекі , интернетке тәуелділіктің алдын алуға бағытталған профилактикалық бірлескен іс шаралардың қадамдық жұмыс жоспарына» сәйкес жүргізілген жұмыстарды баяндады.

Келелі кеңес мүшелері атқарылған жұмыстарға айрықша мән беріп, ата- аналар тарапынан туындайтын мәселелерге тоқталып, қоғам болып жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық алдын алу жұмыстарын күшейту керектігін жеткізді.

15 қараша 2024 ж. 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 903

Сұхбат

Мәдениет

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 937

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031