» » Бала және Отбасы

Бала және Отбасы



Аудан көлемінде жасөспірімдер арасында және оларға қарсы қылмыстардың жасалуына жол бермеу және отбасында жәбір көрген балаларды анықтау, кәмелетке толмағандардың жүріс тұрыстарына бақылау жасау, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта, көшеде және ойын-сауық орындарында бей-берекет жүретін жасөспірімдерді анықтау, қылмысқа бейім, тәртібі қиын балаларды полиция органдарының есебіне алу мақсатында 2022 жылдың ақпан айының 23-27 аралығында «Бала және Отбасы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты - аудан көлемінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде, басқа да қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандардың арасында және оларға қарсы жасалатын қылмыстарды, оның ішінде жыныстық қолсұғылмаушылық, топтық төбелес, суық қаруды тасымалдау, бопсалау сынды қылмыстардың алдын-алу, ескерту, жолын кесу, сондай-ақ қылмысқа бейім оқушылар мен студенттер арасында құқыққа қайшы іс-әрекеттерге баруына жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайлардан тыс болуы деректерін анықтау, қылмыс жасағандары үшін тізімдік және профилактикалық есепке алу, сонымен қатар тәрбиесімен айналыспайтын ата-аналарды анықтау жұмыстарын барынша жандандыру болып табылады.
Осы орайда Қармақшы ауданының Полиция бөлімі, білім бөлімі, жастар ресурстық орталығы қызметкерлері және де басқа да ұйымдардың қызметкерлері бірлесіп, рейдтік іс-шаралар жүргізілетін болады.

Қармақшы АПб ЖПҚб

23 ақпан 2022 ж. 762 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 174

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 144

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 297

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930