» » ШАХМАТ – ӨМІР ОЙЫНЫ

ШАХМАТ – ӨМІР ОЙЫНЫ

Оңаша ой бөліссем өзіңменен,
Кетер ме қырды кезіп көңіл дөнен.
Қызығы шыжығымен қатар келген
Алланың сыйы шығар өмір деген.
Сен соның айыра алсаң ақ-қарасын,
Адаспай, айналайын, бақ табасың.
Жүрісің – бұл да шахмат жүрісіндей
Соқпақта сүрінгенің масқара сын!
Өмір осы шахмат ойынына қатты ұқсайды. Жеңіске жетіп, ұту жолында ойың мен ақылыңды, тактикаңды іске қосасың. Ал өмірде де жеңіске жетіп, биік белестерді бағындыру үшін де осылай барыңды салу қажет. Әр тасты орнымен жүріп, әр шаршыға баппен қойып алға жылжып отырасың. Өмірде де дәл солай. Шахматтағы бір ғана қате жүріс өмірдегі қалыс қадам сияқты.
Мен шахматты жақсы көре отырып оның сырына, тарихына қызығып, зерттеуге кірістім. Бәлкім бұл жұмысым да біреулерге сабақ болар. Ата-анамыз кішкентайымыздан уақытты босқа жібермеуге, өнерге оның ішінде шахмат ойнауға тәрбиеледі. Шахматты үйрету арқылы алдымызға мақсат қоюды, оны уақытылы орындауды дұрыс шешім шығаруды, жауапкершілікпен қарауды, әрбір істі ойланып жасауды, белгілі бір тәртіппен өмір сүруді үйреткен екен. Бүгінде тәрбиелеп өсірген он баласы да өз орнын тауып, сүйікті ісімен айналысуда. Айтпағым, әкеміз бізді әрнәрсені ойланып жасауға, сабырлылыққа төзімділікке тәрбиелеп, болашағымызға бағдар беріпті.
Қазір өмірде де, шахматта да өз позициям бар. Шахмат ойынында қарсылас жақтың позициясына ойша ене алмасаң, зерттеп шабуылына талдау жасамасаң күшті қарсыласыңды жеңе алмайсың. Өмірде де бір істі бастамас бұрын жан-жақты ойлап, әр қадамға есеп бермесең нәтиже болмайды. Міне, жетістікке жетудің жолы – осы.
Ал шахмат ойынының пайдасы шаш етектен. Мәселен, жас ұлғайған сайын адам ақыл-ойға ауыртпалықты көбейту керек. Ол үшін шахмат ойнап, шет тілін үйреніп, кітап оқығаны жақсы. Бұл мидың когнитивтік мүмкіндігін арттырады. Шахмат – таңғажайып математика. Зейінді дамытып, жеңіске деген ерік-жігерді қалыптастырады. Психологтар бұл ойын түрін есте сақтаудың тиімді жолы ретінде қарастырып, альцгеймер ауруының алдын алу үшін ұсынады. Сондай-ақ шахмат жауапкершілікті арттырып, сабырлық, төзімділік секілді мінезді қалыптастырады. Жұмысты жоспармен жасап, оң шешімін іздеуге көмектеседі.
Шахмат жайлы мынандай қызықты дерек бар. Онда арабтардың Парсыны жаулап алуы ислам әлемінің осы ойынды жете меңгеруінде делінген. Бұл ойынды «Шатрандж» деп атаған екен. Араб халифатында кеңінен тараған шахмат тасының әрбір тастың өмірдегі атқаратын құқығы мен қатар міндеттері бар делінген. Тыныс-тіршілігі соғыспен өрілген Әмір Темір шахматты ойын түрінде қарастырмаған. Әскери тактикаларды ойластыруға арналған құрал ретінде пайдаланған.
Темірдің батыс, шығыс, оң, сол бағыттағы сәтті жорықтары әскери тактика мен қолбасшы стратегиясын жүзеге асыруда шахматты практика ретінде тұтқан, пайдасын көрген. Ол ұлды болған күні шат-шадыман болып қарсыласына «шах», «мат» қойған. Дәл осы уақытта Сырдария мен Әмудария бойында жаңа қаланың салынып біткені туралы хабар алады. Қос жаңалыққа орай дүниеге келген ұлының ойын партиясына орай «Шахрух» деп қойған. Ал құрылысы аяқталған кентті «Шахрухия» деп атаған («Ұлылар елі Отырар» кітабынан).
Әмір Темір – Ұлы дала еліндегі Алаш өркениетінің ірі тұлғасы. Олай болса, айтарлықтай ерекшелігі бар шахмат ойыны – төл мәдени құндылық. Оны жаңғырту, дәстүрді тарату парыз болса керек. Мен туған ауылымдағы мектепті бітіріп, мұғалімдік мамандықты меңгеріп, 40 жыл ұстаздық еңбек еткен жанмын. Сонау балалық жастан зейнеткерлік жасқа дейін жанымнан шахматым қалған емес. Қыры мен сырын толық білемін деп айтуға болады.
Енді осы шахмат ойынын мектеп өмірімен байланыстыруға болады. Мәселен, шахматта әртүрлі фигуралар, олардың дәрежелері, атқаратын қызметі, қозғалысы, стратегиясы, тактикасы, өз каролін, қасындағы жолдастарын қорғаудағы белсенділігі, қауіптілігі бәрі де шебер ұйымдастырылған болса, мектеп өмірінде де дәл солай.
Мектепте басты тұлға шахматта «Кароль» болса, бізде – шәкірттер яғни білім алушылар. Өйткені бала біздің болашағымыз. Оларды кез келген қауіптен, сауатсыздықтан, қараңғылықтан қорғауға барлығы да міндетті. Қарапайым мұғалім де, өзге қызметкерлер де сол болашағымыздың жарқын саналы, болуы үшін күресіп жатыр. Олардың басты қаруы – оқыту мен тәрбиелеу.
Мұндағы екінші тұлғалар – өз пәнін жетік меңгерген, жаңашылдыққа бағыт-бағдар бере алатын, жарыстарда бақ сынап, әріптестеріне көмек қолын соза білетін, біліктілігімен қоса, өзіндік ой-пікірі бар, яғни алыстан да, жақыннан да «Шах» беріп, «Мат» қоя алатын мұғалімдер, ізбасарлар.
Ал директор – ойынның қожасы, иесі. Ойын барысында жаулап алу қаупі төнгенде кез келген фигура Каролін қорғап, аман сақтап, жеңіске жету үшін басын бәйгеге тігеді. Егер әр фигура бетімен жүріп, өз қамы үшін жүретін болса көп ұзамай жеңіліспен аяқталады. Сол сияқты мектеп өмірінде де әр мұғалім өз міндетін дұрыс атқармаса яғни ізденбесе, білім-біліктілігін көтермесе, сапалы білім, саналы тәрбие бермесе өз шәкіртін қорғай алмас еді. Мектеп басшысы да әрбір мұғалім бойында кездесетін осындай қасиеттерді көре білсе, мұғалім еңбегін бағалап, басқалармен салыстырып отырса, әр іс ауызбіршілікпен ұйымдастырылса жеңіс те, нәтиже де болмақ.
Өмірде әрбір мұғалімнің, мектеп басшысының өз тактикасы, стратегиясы, этикасы болса, шахматта да дәл солай. Әрбір қадам жүрісті стратегиямен, тактикамен, этикамен жүру қажет. Басшы қашанда басшы ғана емес, сол ұжымның сенімді ақылшысы, қайырымды қамқоршысы болу керек. Өзінің бойындағы сол ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында ұжымын талай биік белестерге жеткізеді. Талай «шахтардан» қорғаған шәкірттердің алар асуы да жоғары болады. Шахматтағы бір ғана қате жүріс, өмірдегі шалыс қадам сияқты. Ендеше мектеп өмірінде болсын, әрбір ел басқарған адам әр қадамын жеті рет өлшеп, бір рет кесіп отыру керек. Өмірді шахматтан көруге болады. Ең маңыздысы – өмір алаңы мен шахмат алаңында да бәрінің мақсат мүддесі бір. Ол – жеңіс.
Логикалық ойлауды дамытушы зияткерлік жүйе бүгінде де маңызын жойған жоқ. Адамның ақыл-ойын дамытатын шахматтың бүгінгі таңдағы маңыздылығы – сол қоғамға интелектуал адамдардың қажеттілігі. Әлем чемпионы Тигран Петросян «Шахмат дегеніміз формасы жағынан – ойын, мазмұны жағынан – өнер, ал ойынды меңгеру жағынан – ғылым» деп атаған. Ал ғылымы дамыған ел озады.
Қорыта келгенде айтпағым, баламыз бен немереміздің логикалық ойын, шығармашылық қабілетін арттыру үшін зейіндерін телефонға емес, шахматқа аударсақ нұр үстіне нұр болар еді. Себебі бала–біздің болашағымыз, еңселі ертеңіміздің иесі.
Салтанат ТӨЛЕПОВА,
Дүр Оңғар ауылы
03 қараша 2024 ж. 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 085

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031