Гендерлік теңдік – тұрақтылыққа тірек
Гендерлік теңдік адам құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Дүниежүзі халқының жартысын әйел заты құрағанымен, қоғамда толыққанды тепе-теңдік орнауы үшін алда біраз белесті еңсеруге тура келеді. Өйткені әлі күнге дейін гендерлік теңдікке қол жеткізу, әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін арттыру әлемдік проблема болып тұр. 1970 жылдары халықаралық феминистік қозғалыс күш ала бастады. Осы жағдайға ерекше мән берген БҰҰ Бас ассамблеясы 1975 жылды Халықаралық әйелдер жылы деп жариялады және Мехикода әйелдерге арналған бірінші дүниежүзілік конференция ұйымдастырды. Конференцияның қатаң ұсынымынан кейін 1976-1985 жылдар аралығы Әйелдер онжылдығы деп мақұлданды және арнайы қор құрылды. Содан 1979 жылы БҰҰ-ға мүше жер бетіндегі 187-ден аса мемлекет әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою жөніндегі конвенцияны қабылдады. Оның ішінде Қазақстан да бар.
Қазақстанның Конституциясы адамды жынысына қарап кемсітуге тыйым салады. 2009 жылы Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заң қабылданды. Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы жарияланды. Гендерлік тепе-теңдік пен адам капиталын дамытуға, отбасы құндылығын нығайтуға бағытталған осындай бастамалар жиі жүзеге асырылып жатқанымен, әлі де болса қоғамда аталған мәселе шешімін таппай отырғаны рас.
Жалпы, қазіргі кезде қоғамның барлық саласындағы жұмыстарға әйелдердің араласуы үйреншікті жағдайға айналған. Яғни, жұрт жұмыстың қай түріне болсын, «ердің күші, әйел ісі» деп қарап жатпай, кірісіп кетеді. Осыдан келіп отбасын асырау міндетін әйелдер де мойнына алып, жауапкершілік жүгін ерлермен теңдей көтереді. Бірақ қашаннан шаңырақтағы жылылықтың ұйытқысы болып келген әйел затының үй ішіндегі орны лайықты бағаланбай, кемсітуге тап келетін жағдайлар да кездеседі. Сондықтан күйеуінен теперіш көріп жүрген әйелдің қоғамдағы теңдігінен бұрын отбасында мендігін қалыптастыруды жиі насихаттаған дұрыс. Жоғарыда аталған 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының негізгі мақсатының бірі – осы әйелдің мәртебесін көтеру арқылы отбасы құндылығын арттыру.
2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бойынша жер-жерде түрлі шаралар мен жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ тұжырымдамада көтерліген мәселелерді шешуге қатысты түрлі ұйымдар мен институттар жұмыс істеуде. Осындай институттардың бірі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті жанынан құрылған Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты. Бұл институт төрт бағдар бойынша жұмыс істейді: Біріншісі - гендерлік саясат, екінші - гендерлік зерттеулер, үшінші – отбасы және отбасылық құндылықтар мен гендерлік білім беру. .
Жұдырықтай жүрегіне жылылық пен ұлылық ұялаған әйел-өмірдің мәні, тіршіліктің сәні. Олардың қоғамдағы, жалпы адамзаттың өмірінде алатын орны ерекше. Әйел алдымен отбасының ұйытқысы, ең бастысы «ана» деген киелі ұғымның игері сұлулықтың символы емес. Әйелдің рөлі отағасының жамағатына , бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан ұғынып, тату – тәтті, сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта түспек. Қазіргі уақытта көптеген отбасыларында бар ауыртпашылықты арқалап жүрген әйелдер. Қазақстан әйелдерінің арасында мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұжымдарды тап-тұйнақтай етіп басқарып жүрген қыз –келіншектер аз емес. Тек тұрмыста ғана емес, әлеуметтік салаға, қоғамдық өндіріс пен ғылым әдебиет, өнер, спортқа да барынша үлестерін қосып, еншілерін алуда. Олар үйде берекелі ана, сүйікті жар болса, саясат пен билікте абыройлы басшы, шебер маман. Бүгінгі күннің тың, өзгеше үрдісі қазақ әйеліне мүлде бөлекше, жаңа заманауи талаптар мен жауапкершіліктер жүктеп отыр.
Дүние жүзіне белгілі психолог Джойс Бразерс: «Мәселе жыныстардың біреуінің күштілігінде, мықтылығында емес, олардың әртүрлілігінде. Егер біздер осы айырмашылықтарды көріп және олардың әртүрлігінде. Егер біздер осы айырмашылықтарды көріп және оларды шығармашылықпн қолдана алсақ, барлығымыз, әйелдер де, еркектер де бірдей дәрежеде бақыттырақ болар едік» деген екен.
Қазақ қоғамында әйелде нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру – басты борыш болса, ер азаматқа әрқашан әйелге қамқор, пана болу, жауапкершілікті сезіну – парыз.
Қармақшы аудандық сотының бас маманы Р.Бисенова