» » Референдум және оны ұйымдастыру мен өткізу

Референдум және оны ұйымдастыру мен өткізу


Республикалық референдум – Конституцияның, конституциялық заңдардың, заңдардың және мемлекет өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiл халықтық дауыс беру.

Референдум Республиканың бүкiл аумағында өткiзiледi.

Адамның конституциялық құқығы мен бостандығын бұзатын, мемлекеттің тәуелсіздігін, Республиканың бiртұтастығын, басқару нысанын, Республика қызметінің түбегейлі қағидаттарын өзгерту, шекара, сот әдiлдiгi, қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және қоғамдық тәртiптi қорғау, бюджет пен салық саясаты, рақымшылық пен кешiрiм жасау, Президенттiң, Парламент пен Үкiметтің қарауына жататын адамдарды лауазымға тағайындау және сайлау, халықаралық шарттардан туындайтын мiндеттемелердi орындау мәселелерi референдум талқысына қойылмайды.

Азаматтың референдумға өз ықтиярымен, жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бiрдей, тең және төте қатысу құқығы және жариялылық –  референдум принциптерi болып табылады.

Референдумға он сегiз жасқа жеткен, әрекетке қабілетті азаматтар қатыса алады.

Сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар бұл шараға қатыса алмайды.

Қазақстан Республикасының Президентi, Парламентi, Үкiметi және сан жағынан Республиканың барлық облыстарын, астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларын тең мөлшерде бiлдiретiн республикалық референдумға қатысу құқығы бар екi жүз мыңнан кем емес Республика азаматтары Референдум тағайындауға бастама жасай алады.

Референдум тағайындау құқығы Қазақстан Республикасының Президентiнде болады және оны Жарлық шығару жолымен қабылдайды.

Референдумға дайындық пен оны өткiзудi Орталық, Аумақтық және Учаскелік сайлау комиссиялары жүзеге асырады, олар тиісінше референдум комиссиялары деп аталады және заңға сәйкес өкілеттіктерін пайдаланады. 
Бұл комиссиялардың жұмысына негізсіз араласуға тыйым салынған.
Комиссияның шешiмдерiн орындау және олардың жұмысына жәрдемдесу тиiстi аумақтағы барлық мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың (лауазымды тұлғаларының) орындауы үшiн мiндеттi.

Референдумға әзiрлiк пен оны өткiзу барысын Бұқаралық ақпарат құралдары жария етiп отырады.
Референдум шығындары тек қана республикалық бюджет есебiнен жұмсалады.

Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тiзiмiне қатысты мәселеге шағымдану, сондай-ақ өздерiнiң жүрген орнын ауыстырған жағдайда азаматтардың референдумға қатысу құқығын қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Дауыс беру уақыты мен орны туралы учаскелiк комиссия азаматтарға дауыс беретiн күннен кемiнде он күн бұрын хабарлайды.
Дауыс беретiн үй-жайда көрнектi жерде референдумға қойылған мәселе туралы ақпараттар iлiнуі тиiс.

Дауыс беруге арналған бюллетеньдер қазақ және орыс тiлдерінде басып шығарылады.

Референдумның қорытындылары туралы Орталық референдум комиссиясының ресми хабары дауыс беру өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Референдум қабылдаған шешiмнiң Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар және қандай да бiр актiлерiмен қуаттауды қажет етпейдi.

Қармақшы аудандық прокуратурасы
19 қыркүйек 2024 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031