» » Саяси реформаға салиқалы қолдау қажет

Саяси реформаға салиқалы қолдау қажет


Референдумды қолдау бойынша «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанынан құрылған штабтың мүшелері білім саласы өкілдерімен кездесті.
Кездесуде «AMANAT» партиясы облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, штаб төрағасы Ләйлә Төрешова референдум қоғам арасында қызу талқыланып, жатқандығын. Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі екендігін атап өтті.
«Соңғы Жолдауда Президент саяси реформаларды жариялап, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдіруге мүдделі екенін танытты. Өзгеріс аз емес, Конституциядағы 99 баптың 33-і өзгертілмек. Бұл өзгерістер елде демократиялық процестерді жылдамдатып, «биліктің көзі – халық» деген принципті жүзеге асырады. Яғни қоғам өз өкілдері арқылы маңызды шешімдер қабылдауға араласады. Осыншалық ауқымды реформаларды заңмен бекіту үшін барлығымыз референдум қажет. Себебі, бұл тек Президент не Парламент шешетін мәселе емес, бұл – бүкілхалықтық деңгейдегі міндет. Сондықтан баршаңызды референдумға қатысып, өзгерістер үшін дауыс беруге, Жаңа Қазақстанның іргесін бірге қалуға шақырамын»,- деді Ләйлә Төрешова
Әріптестерінің сөзін жалғаған облыстық штаб мүшесі Айтжан Оразбақов Ел Президенті Қ.Тоқаевтың күш-жігері мен іс-қимылының жүйелілігі саяси жүйені нақты трансформациялауға бағытталғанын көрсетті. Екінші республика жалпыұлттық мандатқа ие болады. Конституциялық реформаны плебисцит арқылы жүргізу Қ.Тоқаевтың реформаторлық бағытының жалпыұлттық сипатын қамтамасыз етеді, екінші республиканың қоғамдық заңдылығын және құқықтық негізінің мызғымастығын нығайтады. Конституцияның авторы халық болады. Мемлекет басшысы «Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік беретінін» атап өтті.
Жиын барысында ел алдындағы, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу – саяси дамудың көрсеткіші екендігі айтылды.
Осы бағытта өз ойын ортаға республика штаб мүшесі Базара Танбаева референдум арқылы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа моделіне көшу жүзеге асырылатындығы туралы сөз етті. Сонымен қатар барша қазақстандықтарды өз азаматтық ұстанымдарын білдіру мақсатында референдумға бір кісідей қатысып, азаматтардың игілігі үшін жасалып жатқан, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін еліміздің Ата Заңы – Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдауға шақырды.
20 мамыр 2022 ж. 644 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031