» » Қуатты құрал

Қуатты құрал

Еліміз егемендік алғаннан бері бірнеше сындарлы кезеңдер өтуде. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатынын айтқан болатын.

Халқымыздың арғы-бергі тарихындағы ұлт зиялылары, елдің көшін бастаған көрнекті тұлғалар мен ғалым, ақын жазушылары ұрпақты ұлт тілінде тәрбиелеуге қызмет етті.

Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде тіл мерекесі тойланып келеді. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі» деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Сондай-ақ, қазіргі таңда қоғамда туған тілге жанашыр азаматтар ана тілін ардақтап, тіл тағдырының жауапкершілігін арқалап, қазақ тілінің төрге шығуына атсалысып, белсенді жұмыс жасап келеді. Қай кезде де адамды мұратқа жеткізетін ата дәстүріміз бен тіліміздің мәртебесін іске асыру басты мақсатымыз. Айналасын тануға ұмтылған адам баласы ана тілінде тілі шығып, сөйлеп, ойлау арқылы оның ұлттық мінез-құлқы, таным-түсінігі, ұлттық дүниетанымы, ұлттық санасы, ұлттық болмысы қалыптасады. Бала бір мүшелден асқанша өзінің ана тілінде тәрбие мен білім алса, тіл арқылы халқының бар қасиетін бойына сіңірген сол ұлттың өз баласына айналады. Оның бойына ұлттың қасиеті дариды. Жаһандануға ең алдымен ана тілі арқылы санаға сіңетін ұлттық өнеге, сат-дәстүр, тәлім-тәрбиемен, бір сөзбен айтқанда ұлттық құндылықтарымыз арқылы қарсы тұра аламыз. Яғни, тектілік тек ананың сүтімен келіп, ана тілімен одан әрі дами, өсе түседі. Ал халқының қасиеті өз бойында жоқ ұрпақ ұлттық құндылықтарды қастерлемейді, сол себептен де оны қорғап, ұлтқа адал қызмет етпейді. Жыл сайын тіл мерекесіне байланысты шараларды өткізуде аудандық білім бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, денсаулық сақтау мекемелері, Қармақшы агро-техникалық колледжі, кітапхана, тағы басқа көптеген ұйым белсенділік танытып келеді.

Осы орайда, «Қазақ тілі» қоғамының аудандық ұйымы және оның мекемелердегі, мектептердегі бастауыш ұйымдары аудандық мәдениет, білім бөлімдерімен, кітапханалармен, мектеп, балабақша ұйымдарымен бірлесе отырып, халықтың салт-дәстүрлерін, шешендік сөздерін дәріптейтін түрлі іс-шаралар: «Ұлттық тілдің күші – ұлттық санада», «Тіл беделі – ел абыройы», «Қоғам жұмысының басты тірегі – бастауыш ұйым», «Ұлт болашағы – ана тілінде» ,»Тіл – ұлы игілік, ұлттың ең маңызды және негізгі белгісі» және басқа да тақырыптарда байқаулар, кездесулер мен мүшәйралар өткізді. Тіл тазалығына байланысты «Қазақша түбіртек талап етіңіз!», «Таза тіл» мониторинг жұмыстары мен рейдтер жүргізілді.

Мемлекеттік тілімізді, яғни ана тіліміздің мәртебесін арттыра түсуде, елдің бірлігі мен тұтастығын сақтап, еселі еңбек етіп, маңдай тер төккен, қаны мен жанын аямаған азаматтарды ұрпақтары ұлағат тұтуға жер-су атауларының, елді мекендер мен олардағы көшелердің аттарының, әр көше, жол бойларындағы, әр бұрылыс айналымдағы жарнама, хабарландыру маңдайшадағы жазулардың нағыз қазақи болуы тұрақты түрде назарда ұсталуда. Бұл бағытта әкімдік пен ономастика комиссиясымен, ауылдық әкімдіктермен тығыз байланыста жұмыс жасалуда. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл – халықтың қазынасы. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру әрбір қазақстандықтың патриоттық сезімімен байланысты. Ешкім сырттан келіп, қазақ тілінің көсегесін көгертпейтінін білеміз. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Біздің барлық іс-қимыл әрекетіміздің, тәрбиеміздің түп қазығы әрбір жас буын өзінің елі мен жерін, Отанын, тілін, салт-дәстүрін құрметтеп, жан-тәнімен сүйетіндей болуына қол жеткізу. Жастарымыз қайтсем өз еліме абырой әкелемін деген азаматтық позицияда болса, еңбегіміздің ақталғаны. Сондықтан елге, тілге деген құрметпен біз бен сіз болып, жұмыс жасау арқылы мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесі тұғырлы болсын!

Гүлжауһар РАЕВА,
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы
аудандық филиалының төрайымы
10 қыркүйек 2024 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 002

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031