» » Қазақ тілі – рухани тәуелсіздігіміздің негізі

Қазақ тілі – рухани тәуелсіздігіміздің негізі



Халқымыздың арғы-бергі тарихындағы ұлт зиялылары, елдің көшін бастаған көрнекті тұлғалар мен ғалым, ақын-жазушылары ұрпақты ұлт тілінде тәрбиелеуге қызмет етті.
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілгені анық. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайды. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі» деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл ел аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Сондай-ақ, қазіргі таңда қоғамда туған тілге жанашыр азаматтар ана тілін ардақтап, тіл тағдырының жауапкершілігін арқалап, қазақ тілінің төрге шығуына атсалысып белсенді жұмыс істеп келеді.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өз Жарғысына сай аудандағы мекемелер ұжымдық мүшелікке тартылып, бастауыш ұйымда «Тіл туралы» Заңды, мемлекеттік тіл туралы бағдарламаларды іске асыруға және ҚР Президентінің Жолдауына сай мемлекеттік тілді дамытуға көңіл бөліп, бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Қоғамға мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік салалар мен кооперативтер, ұжымдық мүше болып тартылған. Қоғамның аудандық филиалының жылдық жоспары жасалып, рухани өміріміздің барлық саласын қамтыған дәстүрлі іс-шараларын өткізіп, бекітілген жоспар бойынша іске асыруда.
Қазақ тілі – «Арым жанымның садағасы» дейтін арлы халықтың тілі. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалы қазақ тілінің қадір-қасиетін арттырып, ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын кеңінен насихаттауда плакаттар сериясын жасап шығарды. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге көтеріліп, оның төрге шығуы үшін алқа мүшелері мен бастауыш ұйым төрайымдары, тіл жанашырларының қатысуымен аудандық филиалдың ұйымдастыруымен өткен «Ана мен ана тілі – егіз ұғым» атты кездесуде ана тіліміздің қадір-қасиеті жайында келелі ойларымен бөлісті. Тәуелсіздік жылдарында қаймағы бұзылмаған ұлттық құндылығымыз – тілімізді насихаттауға өзіндік үлесін қосып келе жатқан бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күніне орай мерекелік қабылдау өтті. Қабылдауға аудандық «Қармақшы таңы» газеті редакциясы мен аудандық «Қазпошта» мекемесінің қызметкерлері қатысып, пікірлесті. Меке­мелердегі қоғам жұмысын жандандыру мақсатында бастауыш ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істеп келеміз. Биыл «Белсенді ұйым – қазақ тілінің мәртебесін арттыруды жүзеге асырудың негізі» тақырыбында аудандық байқау жарияланды. «Ана тілі – ұлт бесігі» тақырыбында ауданда облыстық семинар және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мүшәйра өткізу жоспарлануда. Ауданда тіл мәселесін жан-дүниесімен ұғынатын, көкірегі ояу азаматтар аз емес.
Сонымен қатар, кәсіби мерекелерде кездесулер, дөңгелек үстел отырыстары, қабылдаулар өткізіп, тіл жанашырлары марапатталды. Мемлекеттік тілімізді, яғни ана тіліміздің мәртебесін арттыра түсуде, елдің бірлігі мен тұтастығын сақтап, еселі еңбек етіп, маңдай тер төккен, қаны мен жанын аямаған азаматтарды ұрпақтары ұлағат тұтуға жер-су атауларының, елді мекендер мен олардағы көшелердің аттарының, әр көше, жол бойларындағы, әрбір бұрылыс айналымдағы жарнама, хабарландыру маңдайшадағы жазулардың нағыз қазақи болуы тұрақты түрде назарда ұсталуда. Бұл бағытта әкімдік пен ономастика комиссиясымен, ауылдық әкімдіктермен тығыз байланыс­та жұмыс істеп жатыр.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл – халықтың қазынасы. Қазақ тілі – рухани тәуелсіздігіміздің негізі. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру әрбір қазақстандықтың патриоттық сезімімен байланысты. Ешкім сырттан келіп, қазақ тілінің көсегесін көгертпейтінін білеміз. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас. Біздің барлық іс-қимыл әрекетіміздің, тәрбиеміздің түп қазығы әрбір жас буын өзінің елі мен жерін, Отанын, тілін, салт-дәстүрін құрметтеп, жан-тәнімен сүйетіндей болуына қол жеткізу. Жастарымыз қайтсем өз еліме абырой әкелемін деген азаматтық позицияда болса, еңбегіміздің ақталғаны.
Гүлжауһар РАЕВА,
«Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрайымы
04 қыркүйек 2021 ж. 444 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 009

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031