» » Орталықтағы оңды істер

Орталықтағы оңды істер

Өткен жылдан бастап ауданымызда Отбасын қолдау орталығы жұмыс істеп келеді. Орталық мемлекеттік отбасылық саясат шараларын іске асырып, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдау жөніндегі жұмысты үйлестіреді және тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға қолдау көрсетеді. Отбасы күні мерекесіне орай орталық қызметкерлері түрлі іс-шаралар ұйымдастырды.


Аптаның басына орталық директоры Нұрлыбек Балтабайұлы БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді. Онда мекеменің жыл көлемінде атқарған жұмыстарына кеңірек тоқталып, тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

– Мекеме жарғысына сәйкес өткен жылы 11 қызмет түрі бойынша 195 адамға қызмет көрсетілді. Барлығы 13 мерекелік және өзге де іс-шаралар өткізілді.

Осы жылдың 8 айы ішінде демалыс бөлмесінде қызмет алушы – 14, психологиялық кеңес – 10, құқықтық кеңес – 7, тұрмыстық жанжал туындаған отбасы саны – 5 (бақылауға алынғаны – 2), қысқа мерзімді оқу бойынша – 10 адам қамтылды. Сонымен қатар, «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы қайтарымсыз грантқа жәрдемдесу – 8, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу – 19, әлеуметтік төлемдерді тағайындауға жәрдемдесу – 14, білім беру саласы – 9, жұмыссыз ретінде тіркелу – 3, соттылығы жоқ анықтама алу – 2, несие тарихы анықтамасы – 3, зейнетақы аударымдары туралы анықтама – 3 адам қолданды, – деді орталық директоры.
 
Мереке қарсаңында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында 40 жыл отасқан ауданның ата-аналар комитетінің төрағасы Мағауия Әлиев ағамыз бен жұбайы аудан жастарымен кездесті. Онда кейіпкерлер отбасылық өмірдің жарасымдылығы мен оның құндылықтары туралы сөз қозғады. Жастар да өз тарапынан өнегелі отбасына сұрақтарын жолдады.

Апталықтың үшінші іс-шарасы «Ашық есік күніне» жалғасты. Оған орталық директоры, заңгері, психологы, әлеуметтік консультанты және Қармақшы аудандық заң кеңесі меңгерушісі, қорғаушы Гүлайым Қадырбаева мен жеке нотариус Төлепберген Айтжановтың қатысумен  келушілерге ашық есік күні өткізілді.

Сонымен қатар, орталық ауданымыздағы әлеуметтік осал топтағы 3 отбасыға аудандағы жеке кәсіпкерлер «Шах» және «Әділхан» дүкендерінің демеушілігімен игі іс жасалып, отбасыларға азық-түлік себеттері табыс етілді.

Орталықта апталық аясында үстел теннисінен отбасылық сайыс өтті. Оған Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мейрімжан Айтбаев төрелік етіп, жүлделі орын алған отбасыларды орталық директоры Нұрлыбек Балтабайұлы және спорт клубының директоры Марат Асылов, спорт бөлімінің әдіскері Бақдәулет Әптаевтар марапаттап, жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады. Жарыс қорытындысы бойынша І орын Боранбаевтар отбасына бұйырды. Ал ІІ орынды Құлтасовтар отбасы иеленді. Ал ІІІ орынды Жәнібековтер мен Әкімтаевтар отбасы өзара бөлісті.

Апталық соңында шаңырақ көтерген жас отбасылардың неке куәлік тапсыру рәсімі өтті.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
10 қыркүйек 2024 ж. 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031