Әйелге жасалынатын әлімжеттік азаймай тұр
Әлемді нәзік жүрегімен тербететін әйелдердің сол нәзіктігінен зардап шегіп жататын жақсылыққа жасалған жамандық, гүл өсірген бағбанның гүлзарына соққан бұршақты қара дауыл секілді.
Әйел теңдігі –әлемдік мәселе. Соңғы жылдары әлеуметтану ғылымдарында ғана емес, сонымен қатар, қоғамда да әйел мәселесі үлкен мән берілуде. Бүгінде Қазақстанда да аталған мәселе өзектілігін жоғалтпауда. Оның басты себебі – әйелдерге көрсетіліетін әлімжеттікті тоқтатуға әл жетпей тұр. Бұл мәселе қоғамдағы әйелдердің жалпы жағдайына аса мән беру, барлық салада әйел мен ердің теңдігіне қол жеткізу, ұлттық және ұлтаралық мәселелерді шешу, саяси, әлеуметтік қайшылықтарды жеңуді көздейді.
Қазақстанда қазіргі кезде жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени, саяси өзгерістер көптеген қоғамдық мәселелерді қайта қарауды қажет етеді. Солардың бірі – гендерлік саясат. Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.
Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Бүгінде әйелдер саясатта, бизнесте, экономиканың барлық салаларында ер азаматтармен қатар еңбектеніп, мемлекеттіміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосуда. Халықаралық аренада әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Жалпы әйел заты қазақ қоғамы үшін қазақ мемлекеті үшін қашанда ардақты саналған. Еліміздің тең жартысы әйел қауымынан тұрады. Қоғам мен мемлекет тарапынан да нәзік жандылардың іскерлік белсенділіктері мен саяси ықпалдастықтарына деген сенім жоғары деңгейде көрініс табуда.Дәстүрлі қазақ қоғамында ерлер мен әйелдердің әрқайсысының атқаратын атқаратын өзіндік міндеті болған. Әйелдің рөлі бала тәрбиелеу мен үй шаруашылығын жүргізумен шектелмеген. Әйелдер де ерлермен қатарбилік айтып, ел ісіне араласқан.
Дүние жүзіне белгілі психолог Джойс Бразерс: «Мәселе жыныстардың біреуінің күштілігінде, мықтылығында емес, олардың әртүрлілігінде. Егер біздер осы айырмашылықтарды көріп және олардың әртүрлігінде. Егер біздер осы айырмашылықтарды көріп және оларды шығармашылықпен қолдана алсақ, барлығымыз, әйелдер де, еркектер де бірдей дәрежеде бақыттырақ болар едік» деген екен.
Қазақ қоғамында әйелде нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру – басты борыш болса, ер азаматқа әрқашан әйелге қамқор, пана болу, жауапкершілікті сезіну – парыз.
Бір қуантарлығы, қазіргі қоғамда әйелдер өзін аяулы ана, сүйікті жар, шаңырақтың берекесін асырап отырған адам ретінде көрсете білсе, екінші жағынан, өзін кәсіби маман, тұлға ретінде де танытып жатыр. Әйелдердің қоғамдағы бұл қызметі ерекше бағалану тиіс.
А.Мырзағұлова,
Қармақшы аудандық соты әкімшісінің
бас маманы