Құрылтай
» » Гендірлік теңдік

Гендірлік теңдік

qarmaqshy-tany.kz Әйел құқығын қорғау және тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету саясаты біздің елімізде негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Қоғамда әйелдердің орны екінші кезекте деп санайтын кертартпалық бүгінде артта қалған. Қазір қай саланы алсаңыз да, гендірік саясатқолдау тауып, белсенді түрде жүргізілуде.
Әлем елдері көпшілігі қол қойған Біріккен Ұлттар Ұйымының мыңжылдық декларациясында ерлер мен әйелдердің теңдігін көтермелеу, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшінші мыңжылдықтағы адамзат дамуының  негізгі мақсаттары ретінде айқындалған. Өнеркәсібі дамыған және әлеуметтік бағдар алған елдерде әйелдер өз құқықтары мен мүмкіндіктерінің ерлермен тең болуына іс жүзінде қол жеткізді.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында да белгілі бір дәрежеде ілгеріледі. 1998 жылы Қазақстан БҰҰ-нің Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясына қосылды.
Жалпы, Гендер- бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатнасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы. Ал гендерлік саясат- бұл қоғамдық  өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.
Қармақшы аудандық сотының жетекші маманы Жақыпбек Арайлым
19 желтоқсан 2022 ж. 671 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 429
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 939

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031