Сот алдында бәрі тең
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.
Конституция Қазақстанның әрбір азаматына құқықтық субьектілікті мойындауға тең құқық және қажетті қорғанышты қоса, өзінің құқығы мен бостандығын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдерімен қорғау құқығына кепілдік береді. Әрбір адам өзінің құқығы мен бостандығын сот арқылы қорғауға, білікті заңдық көмек алуға құқылы.
Гендер - бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы. «Gender» сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді. Стратегия - мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат, оны іске асырудың және мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан оның мониторингін жүзеге асырудың құралы, демократияның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады.
Қазіргі кезде азаматтық қоғам ұлттық гендерлік саясатты жүзеге асыруға өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға белсенді түрде, кең көлемді жұмыстар жүргізіп жатыр.Барлық қоғам өмірінің салаларында, гендер түсінігі әйелдердің ғана емес ерлердің де тұлғалық ерекшеліктерін қорғайды.
Сот істерін қарауда гендерлік теңдік сотты жүргізудің – соттардың ерлер мен әйелдерге қатысты заң талаптарын нақты орындауы; процеске қатысушылардың, адамдардың адамгершілігін кемсітетін немесе ар – намысын таптайтын шешімдер мен іс-әрекеттерге жол бермеу; заң мен сот алдында барлығының теңдігі; тараптардың дауласуы мен теңдігі; істі талқылаудағы ашықтық, жариялық және анықтық; процеске қатысушылардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету – негізгі принциптерін іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі.
Көпшіліктің түсінігінде бұл термин көбіне әйел мәселесі, әйелдің билікке таласуы деп қабылданады. Әр ұлттың өз менталитеті бар, біздің де өз менталитетіміз бар.
Жалпы, гендер деген әйел адам мен ер адамның қарым-қатынасы. Ал, қазақта ер мен әйелдің қарым-қатынасы қандай болған, ер адамды сыйлау, үлкен адамды құрметтеу, қыз тәрбиесі тағы басқада құндылықтарды осы этногендерология арқылы көрсетеміз. Негізі көпшілік гендер деген нәрсені ер адамға қысым сияқты қабылдайды. Меніңше, олай емес, айтайын дегенім қазақ халқының өз гендері бар. Ал біз отбасы құндылықтарын сақтауымыз керек.
Б.Айжарықұлы,
Қармақшы аудандық сотының бас маман аға сот
приставы