» » Гендерлік теңдік

Гендерлік теңдік



Гендерлік теңдік Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Елбасының алғашқы саясатының өзекті қырларының бірі. Гендерлік теңдік стратегиясы негізінен ерлермен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталған.
Гендер - бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы. «Gender» сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді. Стратегия - мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат, оны іске асырудың және мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан оның мониторингін жүзеге асырудың құралы, демократияның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады.
Қазіргі кезде азаматтық қоғам ұлттық гендерлік саясатты жүзеге асыруға өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға белсенді түрде, кең көлемді жұмыстар жүргізіп жатыр.Барлық қоғам өмірінің салаларында, гендер түсінігі әйелдердің ғана емес ерлердің де тұлғалық ерекшеліктерін қорғайды.
Бірақ өз менталитетімізге байланысты қарама-қайшылықтар кездеседі. Қазір көп отбасыларда түрлі жағдайлар боп жатады. Неге олай болып жатыр, неге ажырасу көп? Соның бәрі зерттеуді қажет етеді.Оның шешу жолдарын анықтау керек.
Көпшіліктің түсінігінде бұл термин көбіне әйел мәселесі, әйелдің билікке таласуы деп қабылданады. Әр ұлттың өз менталитеті бар, біздің де өз менталитетіміз бар. Жалпы, гендер деген әйел адам мен ер адамның қарым-қатынасы. Ал, қазақта ер мен әйелдің қарым-қатынасы қандай болған, ер адамды сыйлау, үлкен адамды құрметтеу, қыз тәрбиесі тағы басқада құндылықтарды осы этногендерология арқылы көрсетеміз. Негізі көпшілік гендер деген нәрсені ер адамға қысым сияқты қабылдайды. Меніңше, олай емес, айтайын дегенім қазақ халқының өз гендері бар.  Ал біз отбасы құндылықтарын сақтауымыз керек.
Қармақшы аудандық сотының
бас маманы Қ.Есханов
18 наурыз 2022 ж. 1 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031