» » Есім астарында – адам тағдыры

Есім астарында – адам тағдыры

Адам өміріндегі еңбақытты сәттердің бірі – өмірінің жалғасы ұрпағының дүниеге келуі. Иә, адам ұрпағымен мың жасайды. Бала дүниеге шыр етіп келгеннен бастап,алда сан түрлі кезеңдермен қоса өмірінің соңына дейін онымен бірге жүретін есімі күтіп тұрады. Бүлдіршінге есім қою рәсімі болады. Ол рәсім қызықты да қиын рәсім. Қиын дейтін себебіміз, бала есімін қоятын адам әбден бір тоқтамға келе алмай әбігерге түседі. Бізде қазақта бұрыннан келе жатқан салт – ол баланың есімін үлкен ата-әжесіне немесе сыйлы қонаққа қойғызады.


Ата-бабамыз жалпы адамның есімін ырымдап қойған. Мысалға ұл баланың есімін ақын, жазушы, ұстаз болсын деп Абай, Ыбырай, Ахмет, Шоқан және ел басқаратын азамат болсын деп Абылай, Кенесары, Жәңгір,тағы сол сияқты есімдерін қойса, имам немесе қари болсын деп Дінмұхаммед, Нұрмұхаммед, Ислам, Дінислам, Нұрислам деп атаған. Ал қыз балаларымызға Зере, Айша, Ұлжан аналарымыздың есімін ырымдап көбірек қойылған. Ал қазіргі таңда ер балаға Нұрсұлтан, Қасым-Жомарт, Бекзат, Айсұлтан, Шахназар, Арман, Жақсылық есімдерін көп қолданады.

Қазақ ырымшыл халықпыз. Кейбір отбасында ат ұстар ер бала болмай, қыз бала өмірге келе бергеннен кейін қыздың есіміне ұл сөзін тіркес етіп, сәбиді Ұлмекен, Ұлтуған, Ұлбосын, Ұлтуар, Ұлжан деп ырымдап қояды. Бірақ кейін өскелең бойжеткен өз есімінен ұялып, ата-анасына ренішін жеткізетіні де кездеседі. Кейбір жағдайда ырым шынға айналып, ұл бала дүниеге келген отбасыларда жоқ емес.

Сонымен қатар қазақ халқының тарихында белгілі бір себеппен арнайы ырымдап қоятын есімдерде кездеседі. Егер ата-анасының дү­ниеге келген сәбилері тұрмай, бірінен соң бірі шетіней берсе, келесі балаға Тұрсынбек, Тұрғанкүл, Тоқтасын, Тоқтар, Тұрсынкүл деп қойылған.
Ал, кейбір бала қал немесе меңмен туылса, оныда ырымдап Қалдыбек, Қалдан, Меңсұлу, Меңдігүл деген есімдермен атаған. Өзімнің білетін әпкем әрі әріптесімнің таң шақырып қойған есімі Әлия, бірақ ол кісіні біз бала кезімізден «Қалдан» атап кеткенбіз. Ата-анасы, бауырлары, туған-туыстары, көршілері, тіпті әріптестеріне дейін Қалдан деп атайды. Бірде мынадай қызық жағдай болды.Әріптесіміз бала күтіміне байланысты демалысқа шығып үйінде болатын, жұмыс бабында бізге қажет болып үйіне қоңырау шалып Қалдан барма деген едік, арғы жағынан телефон көтерген анасы (енесі) ондай есімді адам тұрмайды демесі барма? Сөйтсек қайын жұрты Әлия деп атайды екен. Тағы бірде жұмысқа оның бір танысы Әлия барма деп келген екен, іштегі жас әріптесіміз ондай адам қызмет жасамайды деп, қайтарып жіберіпті. Ондай да қызықты сәттер болып тұрады. Кейін келе естігенім, денесінде қалы болғаннан кейін ата-әжесі, ата-анасы ырымдап осылай деп атаған екен. Бірақ қазір қалы жоқ. Бұлда ырымның бір дәлелі деуге болар.

Көп кездесетін жағдай үйдің кенже балаларын бірден білеміз, есімдері айтып тұрады. Кенже, Кенжебек, Кенжекүл деген есімдермен аталып.
Олай болса, ырымдап ат қоюдың айыбы жоқ. Қайта – жақсы дәстүр. Тек қазіргі заманда бұрынғыдай мағынасы сиықсыз есімдері балаға қоймағанымыз дұрыс-ақ.Түйіндей келе айтарымыз, мына жарық дүниенің есігін жаңа ашқан шақалаққа ат қояр кезде оның да өзіндік жөн-жоралғысы мен мән-маңызы, әр есімнің өзінің білдірер мағынасы барын, ертең ес жиып, етек жиған шағында сол адамның өміріне елеулі ықпал етерін естен шығармасақ болғаны.

Құралай Алтайқызы
28 тамыз 2024 ж. 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031