Ұлт бірлігінің қазынасы
Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Қазақстанның негізгі тілін – мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу – біздің әрқайсысымыздың парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау – өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Ұлт аралық келісім өзара жарасымын тапқан, тату еліміз. Алайда, қазақ тілі әр қазақтың ар-ожданы, мақтанышына айналуы тиіс.
Мемлекеттік тіл аса маңызды да өзекті мәселе, тіл қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытанын басты белгісі. Ол ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор. Сондықтан мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы қоғам қажеттілігі.
Қзақтың тілінің бай, оралымы көркем, сөздік қоры мол екенін әлем әлдеқашан мойындаған. Оның шындығына қазақтың жыршы, жырауларының, ақын-жазушыларының шығармаларын оқып, танысқанда анық көз жеткізесің. Қазақ - тіл тазалығына, сөздің өз орнымен қолданылуына терең мән беретін, асқан жауаптылықпен қарайтын халық. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтуға дағдыланған халықтың мақал-мәтелдері өзінше бір баға жетпес байлық, Таусылмайтын қазына. Ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалған әрбір мақал – мәтелден халықтың шексіз дүние-танымы, мінсіз тазалығы, көңіл көкжиегінің кеңдігі анық байқалып тұрады.
Расында да, тіл – халықтың жан-дүниесін, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш. Тіл – тазалықтың, пәктіктің, имандылықтың жаршысы. Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, еліміз бен бірлігіміздің туы. Болашағымызды баянды етер қаруымыз – тіліміз!
Тіл қарым-қатынас құралы болуымен бірге оны тұтынушы халықтың салт-дәстүрін, әдет –ғұрпын, дүниетанымдық ерекшелігін, ұлттық болмысын, рухани –мәдени байлығын, сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, жеткізуші.
Қазақ тілі қазақ халқының ғана емес, бүгін Қазақстан мемлекетінің тіліне айналатын, мәртебесі мен мерейі үстем болатын күн туды.
Телжан ӘМІР,
Қармақшы аудандық соты әкімшісінің бас маман сот отырысының хатшысы