» » «Өз тіліңді құрметте»

«Өз тіліңді құрметте»

«Нұр Отан» партиясы» Қармақшы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Теміржол» бастауыш партия ұйымының «Орталық кітапхана» топтық ұйымында «Өз тіліңді құрметте» акциясы өткізілді. Акцияны әдістеме-библиография бөлімінің меңгерушісі Г.Раева жүргізіп отырды. Мемлекеттік тіл – зерделі қазақтың кеудесінен ешуақытта шықпайтын, күн тәртібінен түспейтін мәңгілік тақырып. Халқымыз үшін басты мәселе ұлты, ұлтының тілі, мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, бір сөзбен айтқанда ұлттық құндылықтары. Тіл – біздің ең қымбат қазынамыз. Біздің тіл - әйгілі би-шешендеріміз, атақты Жамбыл, Абай, Мұхтар, Ілияс сынды данагөйлеріміз сөйлеген тіл. Туған тілімізді жете білу арқылы өнер-білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жете аламыз. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Тәуелсіз, егемен елдің басты белгілерінің бірі – тіл. Әр халықтың аса бай рухани қазынасы – туған ана тілі. Туған тіл домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әніндей. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанды мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуы тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттауымыз керек. Тақырыпқа сай өз ойларын аудандық тарихи-өлкетану мұражайы директорының орынбасары Е.Тоқтаров, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Е.Нареновтер ортаға салды. Тіл тағдыры – ел тағдыры. Тілі мен мәдениеті шалқыған халықтың ғана үні естіліп, даусы нық шығады. Олай болса, теңдікке қолы жетіп егемен болған бүгінгі Қазақстанның болмысы мен болашағы тілге байланысты. «Ана тілден айрылса қайран қазақ, аталғанмен ел болып қайтіп оңар» дейді ақын. Тілден айрылған ұлт жетелеген бұзау сияқты, көрінгеннің жетегінде кетпеу үшін қасиетті тілімізді сақтау, оны дамыту мойнымыздағы асыл парызымыз болуы қажет. Тілге салғырт қарау – елге, оның болашағына, сонымен бірге өзінің де болашағына салғырт қарау. Тіл тазалығын сақтай алсақ – болашағымыз да жарқын деген сөз. Тіл – халықтың тарихы. Ана тілін қамқорлыққа алу баршамыздың қоғам алдындағы қасиетті парызымыз! Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін. Акцияны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Е.Ерсұлтанов қортындылады.
13 қыркүйек 2018 ж. 1 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031