» » Өрт сөндіру көлігіне жол бер

Өрт сөндіру көлігіне жол бер

Өткен аптаның бейсенбісінде «Өрт сөндіру автокөлігіне жол бер» атты іс-шара өткізілді. Аталған шараны өткізудегі басты мақсат – қоғам назарын өрт сөндіру автокөліктерінің немесе өзге де шұғыл қызметтердің шақырту орнына кедергісіз жету мәселесіне халықтың назарын аудару.
Аудан өрт сөндірушілері автокөлік иелерінің жарқылды және дыбыстық белгілері бар өрт сөндіру автокөліктеріне құрметпен қарап, жол беру ережелеріне дағдыланады деген үмітте. Себебі от жауынгерлері өртке немесе өзге де оқиғаларға шығу кезінде дыбыстық және жарқылды белгілерге мүлдем көңіл аудармай, жолды босатпай қоятын автокөлік жүргізушілерімен көп ұшырасып жататындығы ащы да болса шындық.
Іс-шара барысында аудандық азаматтық қорғау горнизонының қызметкерлері мен аудандық полиция бөлімінің жол-патрульдік полиция қызметкерлері бірлесіп, №10 өрт сөндіру бөлімі кент көшелерін аралады. Автокөлікті басқаратын жүргізушілерге өрт сөндіру автокөліктеріне жол беруге және жолкөлік оқиғасының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жалпы мұндай сипаттағы іс-шараларға жүргізушілер бейжай қарамай өрт сөндірушілерге және өзге шұғыл қызметтерге әрдайым жол беріп, жолда жүру ережелерінің талаптарын қатаң сақтаса, өзгенің қайғысына өздерінің кішкене де болса қол ұшын созған болар еді. Бұдан шығар қорытынды егер өрт сөндіру автокөлігі төтенше жағдай аумағына немесе өрт оқиғасына еш кедергісіз жетер болса құтқарылғандар саны да едәуір артқан болар еді.
Осы орайда ескерте кеткен жөн, арнайы сигналдары бар көлік құралы жақындаған кезде жүргізушілер арнайы техниканың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жол беруге міндетті. Аталған көлік құралын басып озуға тыйым салынады. Көк түсті жыпылықтайтын маяк қосылып тұрған көлікке жақындағанда, жүргізуші қажет болған жағдайда дереу тоқтай алу үшін жылдамдықты төмендетуі керек.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
16 тамыз 2024 ж. 158 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10339)

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 614

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30