» » Сот қауіпсіздігі – ел қауіпсіздігі

Сот қауіпсіздігі – ел қауіпсіздігі

Сот ғимараты – айрықша қорғалуы тиіс, қауіпсіздік шаралары жан-жақты сақталған мемлекеттегі маңызды құрылымдардың бірі. Себебі, мұндағы жұмыс тек түрлі дауларды таразы басына салып, үкім шығарумен шектелмейді.
Сот ғимараты өте күрделі, қоғамда көп мәселелер шешімін табатын нысан болып табылады. Әрі мемлекеттік маңызды мәселелер мен елдік мұраттарға қатысты ауқымды істер қаралады. Онда қаншама құпия құжаттар сақталып, осы айрықша ғимараттың тыныштығы мен қауіпсіздігі барлық қызметкердің парызы. Сот приставтарына жүктелген міндет ауқымды, сот отырысы кезінде залда тәртіп пен тыныштық сақталуын қамтамасыз ететін лауазымды тұлға.
Сот ғимаратына кірген азаматтарды қарсы алып, құжаттарын тексеріп, тізімге тіркеп, сот мәжіліс залдарына кіргізетін сот приставы. Ол сот отырысының қатысушылары мен азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында сот приставтары отырысқа сот бөлмелерін дайындауы қажет. Сот мәжілісіндегі судьялар мен қатысушылардың қауіпсіздігі сот приставтарына жүктелген. Сот ғимаратының қауіпсіздігін сақтау мақсатында әр қызметкер сот приставтарымен өзара үйлесімді жұмыс істеуі қажет. Бұл дегеніміз – соттың, ең басты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алғы шарты болып табылады. Сот ғимаратына кірудің өз тәртібі, онда қатаң сақталатын қағидалар бар.
Әлемдегі сот процестерінде талай шулы оқиғалардың болғаны тарихтан белгілі. Қауіпсіздік шараларының әлсіздігінен сот ғимаратына атыс, суық қару, оқ-дәрі алып кіріп, сот процесіне, судьяға отырысқа қатысушыларға қауіп төндіріп, кепілдікке алу оқиғалары кейбір шет мемлекеттерде орын алған. Мұндай қауіпті жағдайларды қайталамау үшін барлық мемлекетте сот қауіпсіздігіне ерекше мән беріледі. Бұл сот ғимаратының қауіпсіздігі, азаматтардың амандығы үшін ғана емес, мәртебелі орынның беделін сақтау үшін де маңызды.
Б.АЙЖАРЫҚҰЛЫ,
аудандық сот әкімшісінің аға сот приставы
15 тамыз 2024 ж. 85 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10339)

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 614

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30