» » Жаңа оқу жылына дайындық қалай?

Жаңа оқу жылына дайындық қалай?

Фото
Тамылжыған тамыздың бітуіне санаулы күн қалды. Дәл қазіргі сәтте атааналар зейнетақы мен жәрдемақыларын алып, балаларының оқу құралдары мен мектеп формасын дайындап, қызу кірісіп кеткен. Қоңыр күздегі күміс қоңырау соғылып, мектеп есігі оқушыларға айқара ашылар күн де алыс емес. Бұл – әрбір адамды ерекше толқытатын сәт. Жаңа оқу жылы жақындаған сайын атааналардың да, ұстаздардың да жауапкершілігі күшейе түседі.
Жыл сайын осы мезгілде мектепке даярлық науқанының қызатыны белгілі. Бұл уақытта жоғын іздеген ата-ана мен оқушыларды сауда орталығынан көптеп кезіктіруге болады. Бұл түсінікті де, әрқайсысы балаға қажетті киім-кешек пен оқу құралының ең жақсысы һәм сапалысын сатып алуға тырысады.
Нарық заманында әр адам мейлінше бағасы көңілге қонымды тауарды алғанды қолай көреді. Баласын жаңа оқу жылына дайындайтын ата-ана да солай. Сондықтан біз мектеп формасы мен сабаққа қажетті киімдердің бағасын білу үшін алдымен базарға бас сұқтық. Мұнда қай кезде де келушілердің саны көп. Соған сай киімнің де түр-түрі алыстан «менмұндалайды». Айталық, ер балалардың шалбары мен жейдесінің бағасы 3 мың теңгеден басталады. Сабаққа ұстайтын сөмкелердің қолжетімдісі 3-4 мың теңгеден жоғары. Әрине, бұлардың барлығы – ең арзаны. Киімнің сапасы талапқа сай болғанын қаласаңыз, әмияныңыздан бұдан әлдеқайда көп қаржыны шығаруыңызға тура келеді. Аяқ киімнің де сан түрі бар. Ең арзаны 5 мың тұрады. Мектеп формасының өзіне шамамен 15-20 мың теңгеге шығындаласыз. Спорттық киімі, құрал-жабдығы мен тағы керек-жарағы бар. Бір анығы, олар да арзан тұрмайды. Қысқасы бір айлықты бір балаға тұтастай жұмсауға тура келеді. Халықтың әлеуметтік жағдайы әртүрлі болған соң, бәрі де әуелі қалтасына қарайды.
Түйін Ең бастысы, қай ата-ана болсын, 1 қыркүйек – Білім күнінде балаларының мектепке мұнтаздай таза, жадырап һәм жарқырап барғанына ерекше мән береді. Өйткені көбінекөп күздің алғашқы күніндегі ұл-қыздардың көңіл-күйі біраз уақытқа дейін сақталатыны бар…
Ақнұр САҒЫНТАЙ
15 тамыз 2024 ж. 120 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10339)

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 614

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30