Жаңа оқу жылы басталуға жақын. Дайындық қалай?
Жыл сайын осы мезгілде мектепке даярлық науқанының қызатыны белгілі. Бұл уақытта жоғын іздеген ата-аналар мен оқушыларды сауда орталықтарынан көптеп кезіктіруге болады. Бұл түсінікті де, әрқайсысы балаға қажетті киім-кешек пен оқу құралдарын сатып алуға тырысады
Нарық заманында әр адам мейлінше бағасы көңілге қонымды тауарды алғанды қолай көреді. Баласын жаңа оқу жылына дайындайтын ата-ана да солай. Сауда орталықтарында соған сай киімнің де түр-түрі алыстан «менмұндалайды».
Бұрынғыдай емес, таңдау көп. Тек ақшаңыз болсын деңіз. Бір ғана мысал, мектеп формасының 5-6 түрі бар. Олардың жеңі мен жағасы әртүрлі, фартуктары да әрқилы. Түс жағынан да ерекшеліктер бар. Яғни өзгелерден шынымен дараланғысы келетіндерге бар мүмкіндік қарастырылған.
Халықтың өзі де біледі, жыл санап кез келген киім түрі қымбаттап жатыр. Бұл мектеп формасы, спорттық киім, сөмке, тағы да басқа заттарға қатысты. Амал жоқ, өзіміз қымбатқа алғандықтан, үстінен пайда көру үшін тағы қосуға мәжбүр боламыз,-дейді саудагердің бірі. Сауданың аты — сауда.
Халықтың әлеуметтік жағдайы әртүрлі болған соң, бәрі де әуелі қалтасына қарайды. Бірақ бәрібір сұраныс бар. Өйткені, қай әке-шеше болсын, ұл-қызының жаңа оқу жылына жарқырап барғанын қалайды. Қатарынан қалдырғысы келмейді.
Бұдан бөлек қыз балалардың ұсақ-түйек заттарының бары айтпаса да түсінікті. Бір анығы, олар да арзан тұрмайды…Оқу құралдары қажет пе?
Жаңа оқу жылына дайындық туралы сөз қозғалғанда, сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды айтпай өту мүмкін емес. Ол да оқушыға тікелей қажет дүниенің бірі. Аталған заттарды базарларды айтпағанда, арнайы дүкендерден де саудалауға болады.
Бала өскен сайын сұраныстың арта түсетіні тағы бар.
Балалардың болашағы жарқын болсын деп әрбір ата-ана қолда барды солардан аямауға тырысады.