» » Тілсіз жауға қам керек

Тілсіз жауға қам керек

Қазіргі кез төтеншеліктер үшін қауырт кезең. Себебі бұл уақытта суға шомылу маусымы басталса, жаздың аптап ыстығында өрт болуы да ғажап емес. Сондықтан осы саланың мамандары күні-түні су айдындарын күзетіп, өрт қауіпсіздігінің алдын алуда үгіт насихатты күшейтеді.
Жақында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Өмірбек Сақтабаев жоғарыда аталған екі мәселеге қатысты БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Онда өрт оқиғасына байланысты аудандағы ахуалға тоқталды.
Биыл ауданда жыл басынан бері 14 өрт оқиғасы болды. Тіркелген өрттерді талдасақ, 4-еуі объектілерде, 2-еуі автокөліктерде, қалған 8 өрт тұрғын үй секторында болған. Өрттен адамдар жарақат алғанымен, қаза болғандар тіркелмеген.
Оның шығу себебі жылыту пешінің ақауынан және электр пештерін дұрыс қолданбағаннан туындаған. Шығын да аз емес. Қазіргі жаздың аптап ыстығы да өрттің шығуына сеп болуда. Мәселен, далаға тасталған шынылардан қураған шөптер отқа оранып жатыр. Сондай-ақ тұрғындардың қоқысты өртеп, оны қараусыз қалдырғаннан үй-жай мен қоралар өртеніп, үлкен шығын келтіруде.
– Тұрғындар қоқысты өртер кезде көп жағдайда өрт қауіпсіздігін ескере бермейді. Ондайда салғырттыққа жол береді, яғни қараусыз қалдырады. Қоқысты ауа райы тынық кезде өртеу керек. Сосын оның жанып болғанына әбден көз жеткізіп, су себу қажет. Кішкентай шоқтың өзі жел тұрса үлкен өрттің пайда болуына әкеп соғады. Жалпы тілсіз жаудың қай тұстан тұтанарын болжау мүмкін емес. Алайда сақтықты әр адам өзінен бастағаны жөн. Салғырттықтың соңы қайғылы жағдайға әкелмесін десек, барынша сақтық шараларын ұстанған жөн, – дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы.
Жыл басынан бері ауданда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 410 бабы, 1-бөліміне сәйкес, өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтамағаны үшін 19 азаматқа әкімшілік іс қозғалып, 18 адамға ескерту шарасы көріліп, 1 мекемеге айыппұл салынған.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
10 шілде 2024 ж. 242 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 417
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930