» » Онлайн бақылау-кассалық машиналарын қолдану тәртібі

Онлайн бақылау-кассалық машиналарын қолдану тәртібі

Бүгінгі күні ақпараттық және инновациялық техноло- гиялар жаңарған сайын, салық жүйесіндегі бақылау мен әкімшілдендіруді жетілдірілуге байланысты өзгерістер де күн санап дамып келеді. Сондықтан да салық төлеуші субъектілерге қойылатын талаптарға байланысты бірқатар өзгерістер тәжірибеге енгізілуде. Соның бірі – сауда орын- дарында автоматты түрде мәліметтер беру функциясы бар бақылау-кассалық машинасын орнату болып табылады. Бұл талап – салықтан жалтаруға жол бермейтін және салықтық есептілік проблемаларын дер кезінде жүргізіп отыруға мүмкіндік беретін тиімді механизм.
БКМ қолданудан Мына тұлғалар босатылған:
1) жеке тұлғалар;
2) жеке сот орындаушылар, адвокаттар мен медиаторлар;
3) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, халыққа қызмет көрсетіп, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдаушылар;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;
5) қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілер;
6) екінші деңгейдегі банктер;
7) діни бірлестіктері;
8) ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айыры- суларды қоспағанда, ақшалай есеп айырысулары кезінде Ұлттық пошта операторлары;
9) арнаулы мобильді қосымша («e-Salyq Business» мобильді қосымшасы) арқылы жүргізілетін ақшалай есеп айырысулар бойынша кәсіпкерлер.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы No120-VІ санды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 166-бабының 6-тармағына сәйкес, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чегінде мынадай ақпараттарды қамтуы тиіс:
1) салық төлеушінің атауын;
2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;
3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;
4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;
5) чектің реттік нөмірін;
6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақытты;
7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасын;
8) фискалдық белгіні;
9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін;
10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;
11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсе- тілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;
12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;
13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салына- тын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын;
14) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайын;
15) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты.
Тағы да бір айта кететін жағдай, бақылау-кассалық машиналарын орнату мәселесіне немқұрайды қарауға болмайды. Олай дейтініміз, кез келген заң талаптары оны орындамаған жағдайда құқықтық шаралар қолдануды назардан тыс қалдырмайды. Себебі, заң – баршаға ортақ. Ал оны орындауға әркім міндетті. Сондықтан да автоматты түрде мәлімет беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарын орнатпау, тіркемеу және тиісті талаппен дұрыс жұмыс істетпеу фактілері орын алған жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік-құқық бұзу кодексінің 284-бабы бойынша жауапкершілікке тартылатынын да еске сала кеткен артық болмас.
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген Қаржы министрінің БКМ модельдерін БКМ-нің мемлекеттік тізіліміне (тізілімнен) енгізу (алып тастау) Қағидасының 3-қосымшасына (1-кесте) сәйкес БКМ қалыптастыратын чектерге және өзге де құжаттарға қойылатын талаптар: «30.БКМ Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағына сәйкес бақылау чегінде деректемелерді басып шығаруды, оның ішінде қазақ тілі әліпбиінің ерекше әріптерін пайдалана отырып, қазақ тілінде қамтамасыз етуі тиіс».
Заңның 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының ана тілін қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар, яғни кез келген азамат мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап ету құқығына ие екенін мәлімдейміз.
Осыған орай, салық төлеушілер арасында бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тілде түбіртек беру тәртібіне шақырамыз.
Г.ҚОЖАМҰРАТОВА,
Қармақшы ауданы бойынша МКБ бас маманы
24 маусым 2024 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 267

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 366

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930