» » БАҚЫЛАУ КАССАЛЫҚ МАШИНАСЫН ҚОЛДАНУШЫЛАР ҚАТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

БАҚЫЛАУ КАССАЛЫҚ МАШИНАСЫН ҚОЛДАНУШЫЛАР ҚАТАРЫ КӨБЕЙЕДІ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №206 «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2018 жылдың 1 қазанынан бастап ақшалай есеп айырысулар арқылы қызметті жүзеге асырғанда деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерінін тізімі кеңейді. Мынадай қызмет түрлерін көрсетуші кәсіпкерден бақылау-касса машинасын қолдану талап етіледі:

▪ Ағаш материалдарын, құрылыс материалдарын және сантехникалық жабдықтарды көтерме саудада сату;
▪ Металл бұйымдарын, су құбырын және жылыту жабдықтары мен мүкәммалын көтерме саудада сату;
▪ Компьютерлерді, перифериялық жабдықтар, бағдарламалық қамтымды бөлшек саудада сату;
▪ Аудио және бейнетехниканы бөлшек саудада сату;
▪ Тұрмыстық электр аспаптарын бөлшек саудада сату;
▪ Жиһазды, жарықтандыру жабдықтары, өзге де тұрмыстық жарақтарды бөлшек саудада сату;
▪ Қонақ үйлердің көрсетілетін қызметтерді ұсынуы;
▪ Мейрамханалар және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер;
▪ Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет;
▪ Шаштараздардың және сұлулық салондарының көрсетілетін қызметтерді ұсынуы;
▪ Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату;
▪ Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу;
▪ Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер, құрал-саймандарды көтерме саудада сату;
▪ Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер, құрал-саймандарды бөлшек саудада сату;
▪ Сусындарды көтерме саудада сату;
▪ Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату;
▪ Тоқыма бұйымдарын сату;
▪ Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату;
▪ Киімдерді сату;
▪ Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату;
▪ Сағат және зергерлік әшекейлерді сату;
▪ Ломбард қызметі;
▪ Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі;
▪ Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару;
▪ Жарнама агенттіктерінің қызметі;
▪ Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі;
▪ Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі;
Бақылау-кассалық машинасын қолдану міндетті түрде талап етілетін тұлғалардың одан жалтаруы, заңмен жазалануға жатады.
ҚР ӘҚтК-нің 284 бабының бірінші және екінші бөлігіне сәйкес, республика аумағында қолма-қол ақшамен есеп айырысатын сауда орындарында, қызмет көрсету орындарында БКМ қолданбау немесе есепке алынбаған, дұрыс жұмыс жасамайтын БКМ қолдану ескерту шарасына әкеп соғады.
Әкімшілік шара көрілген бір жылдың ішінде аталған әрекет немесе әрекетсіздік қайталанса – айыппұл салынатын болады: жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларға, кіші кәсіпкерлік субъектілеріне – 15 айлық есептік көрсеткіш, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК, ірі кәсіпкерлерге – 50 АЕК көлемінде.

Б.Орданова,
Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы

07 қазан 2018 ж. 1 206 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031