» » Рухани тәрбие – білімнің төресі

Рухани тәрбие – білімнің төресі

Адам – барлық танымдардың орталығы, объектісі. Діни сананы құқықтық, моральдық механизмдер арқылы түзу бағыттасақ, қоғамда ешқандай алауыздық пен мемлекетіміздің тұтастығын бұзатын залалды оқиғалар орын алмайды. Ал дін – көркем мінез қалыптастырудың ғажайып мектебі. Діни тәрбие – адамның ішкі жан дүниесін тазартып, ізгілікті адам қалыптастыра отырып, дүниені тәрбиелеу арқылы рухани сауаттылыққа жетіп, мінезқұлқын түзеуге көмектеседі.
Өз дінінің қадір-қасиетін сезбеген, елінің тарихынан бейхабар жанның ұлт мүддесіне жаны ашымасы анық. Қаншама ақын-жазушының, ғұламағалымның қанатты сөздеріне қарасақ адамға ең алдымен тәрбие берілуі керек екендігі айтылады. Кез келген адамды тәрбиелеудің ұлттық негізі болуы тиіс. Діни тәрбиені ұлттық тәрбиемен қатар сіңіріп, жастардың бойындағы отансүйгіштікпен дінде құнды саналатын асыл қасиеттерді қалыптастыруға негіз болып саналады. әл Фарабидің пікірінше тәрбиенің мақсаты – адамның бүкіл күш-жігерін, қабілеттерін дамыта, мінез-құлықты кемеліне жеткізе отырып тәрбиесі мен діни тәрбиені ұштастыру. Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам деп атаған. Ал сол толық мінезді адам болу адамның алған діни және адамгершілік тәрбиесінен туындайды.
«Өзін тәрбиелей білмеген, өзгеге өнеге көрсете алмайды» деп хакім Абай айтқандай, ең алдымен тәрбие адамның өзінен басталады. Өзін тәрбиелеу арқылы адам қоғамды тәрбиелейді. Ал рухани тәрбие әрбір ақыл иесін өз қалауымен дүниеде де, ахиретте де бақытқа және рухани кемелдікке жеткізетін, дүниені шынайы танып білуге мүмкіндік беретін ең жоғарғы құндылықтардың бірі. Сол себепті рухани тәрбиенің адам өмірінде алар орны орасан. Білім берудің қай түрі болмасын – тәрбие. Білім адам өмірінде қаншалықты рөл атқарса, тәрбие одан да маңызды. Себебі әл Фараби айтқандай: «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы». Қанша білім иесі ғалым болсаңыз да тұла бойыңыздан тәрбие тұнып тұрмаса, онда алған білімнің пайдаға асатыны екіталай. Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай: «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды» деген қанатты сөздер қарапайым мектеп қабырғасында ұстаздар айтатын «Ең алдымен – тәртіп, сосын – білім» деген сөзге тиек болатындай.
Аса көрнекті ағартушы Ы.Алтынсарин «Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабында адамгершілік, имандылық, қайырымдылық, мейірімділік қағидаларын жан-жақты түсіндіреді. Дін қағидаларының тәрбиелік мәнін ашып көрсетуді мақсат еткен ұстаз шариғат сүрелерін ана тілінде түсіндіріп, теонимдердің (діни терминдердің) мәнмағынасын ашуға зер салады, оны өмір тіршілігімен, адам тәрбиесімен тығыз байланыстыра талдаған.
Қорытындылай келе, дін – тәрбиенің басты құралы. Дін – адам өмірінің сақтаушысы, екі дүниеде бақытқа жеткізуші күш. Оны тәрбиенің басты құралы ету де бақытқа жетудің бірденбір жолы. Қазақ – дінін, салт-дәстүрін берік ұстанған халық. Аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан үйрете білген, тәрбиені талбесіктен берген халық. Дәстүрді дінмен ұштастырып, ұят пен арды қатар сіңірген халық. Бүгінгі таңда Қазақстан қоғамындағы ең өзекті мәселе діни танымды дұрыс қалыптастыру, дін мен дәстүр тұтастығын көздің қарашығындай сақтау. Діни танымды дұрыс қалыптастыру ең бірінші отбасы институтынан бастау алып, ақыл арқылы діни білім негізінде дамып, тұрақталады. Ал екінші дін мен дәстүр мәселесіне келетін болсақ, ата-бабаларымыздан бері ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып келе жатқан қазақи дәстүрді ислам дінімен сабақтастыру, ислами тәрбиені жастарымызға тәрбие беруде бірден-бір құндылықпен дұрыс бағыт екенін біле отырып, ұрпақты асыл дініміздің шырынымен сусындата алсақ, ислами тәрбиемен сусындаған жастар – халқымыздың мәдениетінің сақталуының кепілі болатыны айдан анық.
Жасмин ПЕРНЕТАЙ,
Қорқыт ата атындағы ҚУ студенті
18 маусым 2024 ж. 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 266

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 365

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930