» » Тілсіз жауға тосқауыл

Тілсіз жауға тосқауыл

Өрт – адамзаттың тілсіз жауы. Осы тілсіз жаумен күресте аудан көлемінде түрлі іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылып келеді. Жаз маусымы да жақындап қалды. Күн ысыған сайын орман алқаптарында туындайтын өрттің саны одан сайын арта түседі. Әсіресе, дала өрті табиғатқа және мемлекетке орны толмас шығын әкеледі.
Осы орайда аудан көлемінде далалық жерде өрт пайда болған кезде мекеме, ұйымдардың және ерікті өрт сөндіру жасақтарының дайындығын тексеру мақсатында «Өрт – 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Бұл іс-шара табиғи өрт туындаған кездегі іс-қимылдарға басқару органдарының, азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдарының дайындық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған іс-шарада тиісті сала мамандары «Самара – Шымкент» тас жолының бойындағы аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің тұқымбағында орман және дала өрттерінің алдын алуда өрт-тактикалық жаттығуы өтіп, күштер мен құралдардың әзірлігі тексерілді. Оқу-жаттығу жұмыстарына барлығы 81 адам мен 17 арнайы техника жұмылдырылды.
«ҚТ» ақпарат
23 мамыр 2024 ж. 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 108
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031