» » Оқырман сағаты

Оқырман сағаты

Қызылорда облысы Тілдерді оқыту орталығының ғылыми-әдістемелік бөлімі биыл 130, 135 жылдық мерейтойы болатын Алаш арыстарының шығармаларын оқу, оларды тыңдаушылар арасында талдау мақсатында «Оқуға ұсынамыз!» оқырман сағатын барлық ауданда ұйымдастыруда.
Жуырда орталықтың Қармақшы ауданы бойынша мемлекеттік тіл оқытушысы Г.Дүзенованың ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту» курсын тыңдаушылар Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесін талдады. Кент кітапханасында ұлттық нақышта безендірілген бөлмеде оқырман сағаты дөңгелек үстел отырысы форматында өтті.
Қатысушылар «Кинолента» әдісі арқылы оқиға желісін кезекпен жазып, кейіпкерлер бейнесін ашты. Іс-шара соңында арнайы дайындалған тест сұрақтарына жауап беру сәті оқыған шығарманы есте сақтауға, түйіндеуге негіз болды.
Биыл 135 жылдық мерейтойы болатын Ж.Аймауытовтың туындысын талдауға белсенді қатысқан тыңдаушыларға ынталандыру ретінде құнды дүние – кітап сыйға берілді.
«ҚТ» ақпарат
25 сәуір 2024 ж. 416 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 988
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031