» » Жастар ашық пікір алаңында тіл мәселесін қаузады

Жастар ашық пікір алаңында тіл мәселесін қаузады


Қармақшы ауданында «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-і мен «AMANAT» партиясы Қармақшы ауданы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «ЖАСТАР және ТІЛ» тақырыбында ашық пікір алаңы өтті.

Мемлекеттік тіл саясатын дамыту, жастар арасында тіл мәдениетін қалыптастыру және қазақ тілінің мәртебесін арттыру мақсатында өткен шараға Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының Қармақшы ауданы бойынша мемлекеттік тіл оқытушысы, «Үздік оқытушы – 2023» республикалық байқауының жеңімпазы Гүлжанат Дүзенова модераторлық етті.

Республикалық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлының ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен кездесуінде талқыланған мемлекеттік тіл мәртебесін нығайтуға арналған шараға тіл жанашырлары, аудандағы түрлі сала қызметкерлері, оқытушылар мен ауданның көшбасшы жастары және БАҚ өкілдері қатысты.

«Ted X» форматында өткен кездесуде Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, облыстық, республикалық дебаттардың жеңімпазы Әзиз Досболов «Көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті, қыстырма сөздерді қоспай сөйлеу дағдысын қалыптастыру», «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Ардақ Сүлейменова «Қазақ тілінің мәртебесі», Төретам кенттік клуб үйінің актерлік өнер үйірмесінің жетекшісі Зарина Мыңжасарова «Сахна тілі», Қармақшы аудандық музейдің ғылыми қызметкері Әзірбек Бақтыбаев «Астарлап сөйлеу тәсілі» секілді бірқатар тақырыптарды кеңінен қаузады.

Сондай-ақ, Орталық тарапынан оқытылатын «Сөйлеу мәдениеті» курсын аяқтаған қатысушылар да арнайы сөз алды. Шараға қатысушылар тіл туралы өлең оқып, шараның маңыздылығын әсерлі әнмен жалғады.

Мемлекеттік тілдің жастар арасында кеңінен қолданылуын, болашақ ұрпаққа туған тіліміздің қадір-қасиетін ұғындыруды көздейтін кездесуге Облыстық тілдерді оқыту орталығы оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы Гүлбану Ғарифуллақызы, Орталықтың Қармақшы ауданы бойынша орыс тілі оқытушысы Роза Сейілова, тіл жанашыры, Қармақшы аудандық жыраулар үйінің қызметкері Нұршат Наурызбаева және аудандық орталық кітапханалар жүйесінің директоры, «Кітапхана саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Күлшара Қаниева сарапшылық етіп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.


- Бүгінгі шарада мемлекеттік, елдік деңгейдегі мәселелер сөз болды. Олай деуге себеп те бар. Жуырда ғана ел президенті мен республикалық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлының кездесуінде мемлекеттік тіл төңірегінде біраз сөз өрбіді. Әсіресе, бүгінгі шараның маңызын айшықтап тұрған жастар арасындағы мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейін арттырып, жас буынға қазақ тілін игерту жолында анимациялық көрсетілімдер әзірлеу керектігі айтылды. Міне, бүгінгі ұйымдастырып отырған шараны осындай игі дүниенің бастауы десек те болады. Айта кетейік, қазіргі уақытта Қытай, Моңғолия елдерінен келген қандас бауырлар Орталық оқытушыларынан мемлекеттік тіл курсын оқуда. Мұның өзі – қазақ тілінің абыройын көтеру мақсатындағы игі іс, жүйелі жоспар, - деді Орталықтың бөлім басшысы Г.Сембиева.


Шара соңында мемлекеттік тіл саясатының жүйелі жүзеге асуына үлес қосып, ашық пікір алаңында азаматтық көзқарасын білдірген қатысушыларға арнайы Алғыс хат пен «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалы тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды.

Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының баспасөз қызметі

02 қараша 2023 ж. 227 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 281

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930