» » Терек көшеттері егілді

Терек көшеттері егілді


Туған жерді көркейтіп, жасыл желекке айналдыру – баршаның міндеті. Қазақта «Бір тал кессең, он тал ек» деген тәмсіл бар. Ал қасиетті Рамазан айында туған жердің гүлденуіне, ауасының тазаруына үлес қосу – мың жылға бергісіз сауапты іс. Олай дейтініміз, жерге шаншылған әрбір тал күтімі болса, жапырағы жайқалған дараққа айналып, аптап ыстықта саялар көлеңке, қыстыгүні суық боранға қамсау болары сөзсіз.

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген халқымыздың жақсы даналық сөзі бар. Көктем шыға айналаны абаттандырып, шыбық шаншып, тал егу – игі іс. Аудандық емхана және аурухана еріктілері өз мекемелері аясына жаппай сенбілікке шығып, ағаш көшеттерін отырғызды. Олар арнайы 65 түп терек көшетін Қызылорда қаласынан арнайы тапсырыспен алдырып, кенттің көркеюіне үлес қосуда.

– Бір күндік шарада көшеттерді егіп қана қоймай, әрбір отырғызылған шыбықты күтімге аламыз. Көркейту мен тазалық жұмыстарын тек маусымдық дүние деп емес, үнемі әдетке айналдырып, жауапкершілікпен қарасақ, ұтарымыз мол, – дейді ұйымдастырушы емхананың ерікті жас ер-азаматтары.

Олардың айтуынша, ауданымыздағы санитарлық тазалық пен көркейту-көгалдандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Осындай ерікті жас ер-азаматтардың қатары көп болса, аудан ажарланып, кент келбеті жарқырай бермек.
Құралай АЛТАЙҚЫЗЫ
07 сәуір 2024 ж. 551 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 254
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 796

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930