» » ЖОСАЛЫ ОСЫЛАЙ ЖАСАРМАҚ

ЖОСАЛЫ ОСЫЛАЙ ЖАСАРМАҚ

Өңірде аудан әкімінің көктемгі көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық айлығына орай өкімі жарияланғалы бері біршама жұмыс істелді. Мұны жергілікті тұрғындар мен еңбек ұжымдарының белсенділігінен аңғару қиын емес. Өткен сенбіде де осы жұмыстар жалғасын тауып, талай тірліктің басы қайырылды.
Бұл күні аудан әкімі Сұлтан Мақашов бастаған бір топ азамат амбулаториялық-емханалық қызметі бар орталық аурухана маңындағы арыққа жас шыбықтар егіп, қаламшалар отырғызды. Сенбілікке ауданымыздың аға буын өкілдері – ардагерлер, депутаттар, аудандық әкімдік пен мәслихат аппараты, аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлімдердің басшылары, сондай-ақ басқа да қызметкерлер қатысты. 
Әрбір сенбіліктің есте қаларлық ерекшелігі болады. Бір сенбілікте – күл-қоқыс шығарылып, талдың түбі әктелсе, енді бірінде – көше сыпырылып, арықтар аршылады. Ал, бұл сенбілік – Жосалы кентінің бірнеше аймағына тал көшетін егумен өзгешеленді. Тағы бір айта кетерлігі – аудан ардагерлерінің сенбілікке айрықша атсалысуы – үлкен өнеге. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов, сала ардагерлері Әбдібек Лақбаев, Орынбасар Сариев, Есет Назарқұловтар қашан да игілікті істің алдында жүреді. Үлкендік, аталық жолынан жаңылмайды.   
Жосалы кенті жақын уақытта жасыл желекке бөленуі тиіс. Ауа-райы ыстық, ауасы құрғақ елді мекенді көктетіп, көгерту – аса маңызды шаруа. Сол үшін де жауапты науқанды дұрыс пайдаланып, тал отырғызу керек, – дегенді айтады ардагерлер. Соның бірі – бүгінде сексеннің бесеуіне келген Әбдібек Лақбаев.
– Қанша шыбық ексек те көптік етпейді. Жастарды айналаны ұқыпты ұстауға, әсіресе саябақтағы жасыл өскіндерді күтіп баптауға баулуымыз керек. Кент тұрғыны Бостан Жалғасбаевтың 60 жасқа толған туған күніне Ардагерлер аллеясына отбасымен 60 тал еккені бәрімізге үлгі. Тіпті, одан да асады. Осындай елге пайдалы, адами тұрғыдағы дүниелерді әрі қарай жалғастыру – көпке ләзім, – дейді абыз-ақсақал.   
Жалпы, санитарлық жұмыс тек көктем, күз мезгілінде істелмеуі қажет. Ол жыл он екі ай атқарылуға тиісті.
– Қармақшы – біздің туған өлкеміз. Сол себептен де оның әдемілігі мен тазалығы да біздің мойнымызда. Айтулы науқанда ауқымды істер атқарылады. Елдің болашағы – жастар. Мұндай шаруаға жастарымыз көбірек жанашырлық танытса құба-құп. Менің саналы ғұмырым жерді көктетіп, көгертумен, ұрпағыма үйретумен өтіп келеді. Өйткені, адам мен табиғат үйлесім тапқанда ғана біз бақыттымыз, – дейді бақ баптаушы Орынбасар Сариев. 
Түйін:
Сенбіліктің нәтижесінде жүздеген тал шыбығы бой көтерді. Жас сәбидей жапырағы желмен желкілдеген жас шыбыққа ендігі жерде күтім ауадай керек. Оларды сәбидей мәпелей білсек, алдағы онжылдықта адам саялар көлеңкелі ағашқа айналары хақ.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
24 сәуір 2019 ж. 1 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031