» » Көркейту – көптің ісі

Көркейту – көптің ісі

Адам мен табиғат арасындағы байланыс тіршіліктің тамырына қан жүгіртеді. Қазақ дәстүрінде адамгершілікке баулитын, тіршілік иесіне зиян келтірмеу мен қоршаған ортаға жанашырлық сезімін тудыратын тәмсіл-ғұрыптар жетерлік. "Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын" деген даналық сөздің өзі адамға байлықтан гөрі жасыл желектің орасан зор пайдасы барын ұғындырады.
"Көгалдандыру – көптің ісі" демекші, сенбіде Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамы қарсаңында
"Бірге: Таза Қазақстан" жалпы ұлттық акциясы аясында республикалық тал егу акциясы басталды. Оған қармақшылықтар да біркісідей атсалысты.
Акцияға аудан әкімі Әділбек Бөрібайұлы, ардагерлер және мекеме қызметкерлері жасыл белдеуге кентке көрік беретін ағаштар егіп, суғарды. Жасыл белдеу – Жосалы-Жалағаш тас жолының екі бетінде орналасқан. Аумағы мал кірмес үшін арнайы қоршаумен қоршалған. Табиғат жанашырлары сол күннің өзінде үш жүзге жуық Сыр талы мен үйеңкі ағашын отырғызды. Жасыл желекті суғару – Шығыс каналы арқылы жүргізіледі. Оған арнайы арықтар қазылып, тазартылды. Жалпы биыл ауданда жасыл белдеуді қалыптастыру жұмыстары айрықша қарқын алмақ. Салаға жауапты мамандардың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар мұнымен тоқтап қалмайды.
Сонымен бірге ауданның барлық аумақтарында тал егу акциясымен қатар, көктемгі санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді. Қоршаған ортаны қоқыстан арылтуды мақсат тұтқан кәсіпорын қызметкерлері мен жас­тар ауызбіршілікпен белсенділік танытты. Олар әуелі су жүретін арықтарды тазалады. Оның маңайындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды, қураған шөпті жинап, өртеді. Сондай-ақ өлкенің көрікті жерлерін күл-қоқыстан арылтты. Сенбілік жұмыстар алдағы уақытта жалғасатын болады.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
22 наурыз 2022 ж. 668 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930